Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Жұлдызды Алматы» фестивалі өтеді

02.09.2016

«Жұлдызды Алматы» фестивалі өтеді

        Алматыда 24-25 қыркүйек күндері «Жұлдызды Алматы» фестивалі болады. Алматы қаласының 1000 жылдығы құрметіне арналған бұл шараны «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ  шығармашылық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

      Фестивалдің мақсаты: тарихи мерейтойларға арналған байқаулар, кездесулер өткізу арқылы балалар мен жасөспірімдердің тарихи танымының, рухани байлығының молаюына, жан-жақты өнерлі, білімді, заманауи білікті азамат болып қалыптасуына үлес қосу. Ұстаздар мен шәкірттердің мерейінің биік болуына және Отанымыздың басқа өңірлерінен жаңа достар табуына, тәжірибе алмасуына ықпал ету. Онда үміткерлер жеке, топпен (оркестр, ансамбль) ән (эстрада, дәстүрлі ән, терме),  музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі (домбыра, баян, жетіген, скрипка т.б.), би (классикалық, ұлттық және заманауи), көркем сөз (өлең, әңгіме, авторлық шығарма оқу, «қырық өтірік», ертегі айту), театралдық қойылымдар (әзіл-сықақ өнері, КВН, фокусниктер мен иллюзионистер өнері), көрме (қолөнер бұйымдары, көркемсурет, фотосурет, дизайн) жанрлары бойынша өнер жарыстарады. Жеңімпаздар жас деңгейі бойынша 4 топтан (5-6, 7-9, 10-13, 14-17) жеке-жеке анықталып және «Бейбітшілік әлемінің жұлдызы»,  «Бейбітшілік әлемінің мақтанышы» Құрмет дипломдарымен марапатталады.

      Фестиваль аясында сондай-ақ, «Ғылым және өмір» ғылыми-тәжірибелік конференциясы да ұйымдастырылады. Ол – ақпараттық технологиялар, математика, физика, астрономия,  информатика, тарих, философия, әлеуметтану, әдебиеттану, мәдениеттану, филология, шет тілдері сияқты тағы басқа түрлі ғылым салалары бойынша өтеді. Ерекше көзге түскендер: «Үздік баяндамасы үшін», «Ғылым шырағы», «Ғылымға қадам» және 1-3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті