Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қорының Басқарма төрағасы ауысты

02.09.2016

Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қорының Басқарма төрағасы ауысты

       Алматы қаласының Әділет департаменті «Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының жарғылық құжатына өзгерістер мен түзетулер енгізді. Қамқоршылар кеңесі Халифа Алтайдың баласы Алтай Абдурахимді Басқарма төрағасы етіп сайлаған болатын.

         Бұл қор алғаш рет 1999 жылы 12 қарашада «Халифа Алтай халықаралық ислам  қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры деп тіркелген болатын. 2000 жылы 13 сәуірде атауын «Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры деп өзгертіп  мемлекеттiк тiркеуден қайта өткен еді.

       Жарғы бойынша «Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры өз қызметiнде қайырымдылық және мәдени-ағартушылық мақсаттарды көздейді. Ал қор  қызметінің мәні: Шайқы Халифа Алтайдың және басқа авторлардың да еңбектерін басып шығару мен тарату; Қарттар үйі мен балалар үйлерін толық қамтамасыз етуге көмек көрсету; Ғылыми конференциялар мен  семинарлар, симпозиумдар ұйымдастырып өткізу; Медициналық орталықтар мен клиникалар ашуға ықпал ету; «Балалар хирургиясы мен педиатрияға» материалдық көмек көрсету; Қазақстан мәдениеті мен ғылымының даму барысында ерекше көрінген тұлғаларға көмек; қоршаған ортаны қорғау қызметін көрсетуде ықпал ету; ғылыми-зерттеу орталықтарын ұйымдастыру; Ғылыми жобаларды іске асыруға ықпал ету; Шет елде жүрген отандас қазақтарға көмек көрсету, ықпал ету және тарту; Шетелдік азаматтарды қазақ тіліне үйрету және оларды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсіруге дайындауға ықпал ету;  ҚР азаматтарына араб тіліне үйретуге көмектесу; «Үлкен және «кіші» қажылыққа құлшылық етуші мұсылмандарды Мекке мен Мәдинаға  тәу  етуге ұйымдастырып, жіберуге көмек көрсету; Қазақстан Республикасында оқу орындары мен университеттер ұйымдастыру мен ашуға ықпал ету;  Қор алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін спонсорлық көмек тарту; Қайырымдылық түстік ас тарату; Арнайы әдебиеттер мен методикалық нұсқаулар, қосымша  оқулықтар, лекция курстарын дайындауға көмектесу; оқу әдебиеттерін тарату; мәдени-ағартушылық және білім беру шараларын ұйымдастыру;  аудио, бейне  бағдарламаларын жасау және шығаруға ықпал ету;  баспа және қайта басып шығару қызметін ұйымдастыру; крустар ашу; Қазақ халқының салт-дәстүрі, діні, тілі және тарихының негізін оқытып үйрету мақсатында курстар ұйымдастыру;  аз қамтамасыз етілген жанұялар  үшін гуманитарлық тауарлар жеткізуге көмектесу; Қазақстан Республикасы территориясында  мешіт салу жұмыстарын  ұйымдастыруға ықпал ету; кітапханалар ашу.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті