Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары және ассоциациялары федерациясының XXIII сессиясы өтеді

05.09.2016

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары және ассоциациялары федерациясының XXIII сессиясы өтеді

     Алматыда 6-7 қыркүйекте Азия-Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары және ассоциациялары федерациясы (AFUCA) Атқарушы Кеңесінің 23-ші сессиясы болады. ЮНЕСКО Клубтары және ассоциалары федерациясының бұл шарасы Қазақстанда тұңғыш рет өткізгелі отыр. Оны AFUCA Қазақ ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясымен біріге отырып, Алматы қаласы әкімдігінің, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық Комиссиясының қолдауымен өткізбек.

      Сессия кезінде Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына – ЮНЕСКО-ның тарихи күніне орай ұйымдастырылған Халықаралық «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» фестивалі өткізіледі.

      Атқарушы Кеңес сессиясы жұмысында Бангладеш, Қытай, Үндістан, Жапония, Қазақстан, Непал, Вьетнам, Ресей, Корея және Тайланд елдерінің AFUCA мүшелері қатысады. Халықаралық бақылаушы ретінде Қырғызстан, Мальдив, Филиппин, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері, сонымен қатар Қазақстан аймақтарының ЮНЕСКО Клубтары мен кандидат клубтарының басшылары шақырылған.

      Ресми кездесулер барысында аймақтағы ЮНЕСКО-ның клубтық қозғалысын кеңейтуді, мәдени ынтымақтастық саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелерді талдау және Азиялық Федерацияның басқарушы құрамын сайлау жүргізіледі. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті