Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстан Азия Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары және ассоциацияларының федерациясының төрағасы атанды

09.09.2016

Қазақстан Азия Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары және ассоциацияларының федерациясының төрағасы атанды

      Алматы қаласында 2016 жылдың 6-7 қыркүйек күндері өткен Азия-Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары және ассоциациялары федерациясы (AFUCA) Атқарушы Кеңесінің XXIII сессиясы барысында Болат Ақшолақов Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары федерациясының президенті, AFUCA-ның жаңа Президенті болып сайланды.

      Сайлаудан соңғы сөзінде Ақшолақов мырза білдірілген сенім мен құрмет үшін Кеңес мүшелеріне алғыс айтты. «ЮНЕСКО Клубтары Федерациясында жұмыс жасағаныма төрт жыл болды. Уақыт тығыздығына байланысты бұл жұмысты бір жылдан артық уақытқа созылады деп ойламадым. Бірақ ұйымның балалар шығармашылығын дамытуға қосқан үлесіне куә болып, жұмысты жалғастыруға шешім қабылдадым. Менің ойымша, балалармен жұмыс істеу – үлкен артықшылық. Федерацияның атқаратын жұмысын мақтан тұтамын, дегенмен Азия-Тынық мұхиты аймағында жетекші лауазымға ие боламын деп ойламадым.

          Айта кетерлік жайт, AFUCA Атқарушы Кеңесі Ақшолақовты бірауыздан сайлады. Кеңес құрамына Бангладеш, Вьетнам, Үндістан, Қытай, Корея, Непал, Ресей, Тайланд, Жапония және Қазақстан кіреді. Халықаралық бақылаушы ретінде Қырғызстан, Мальдив, Филлипин, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері, сонымен қатар Қазақстан аймақтарындағы ЮНЕСКО Клубтары және Клуб-кандидаттарының басшылары шақырылды.

       Аталмыш лауазымды осыған дейін иеленген Ю Джей Кун мырза (Корея) атап айтқандай, 5 жыл бұрын ғана Федерацияға қосылған Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары және ассоциациялары федерациясының ең жас мүшесі. «Болат – жас және жағымды көшбасшы. Осы жылдар бойы ЮНЕСКО қағидаларымен, идеяларымен тиянақты түрде танысып, Федерация жұмысына белсенді атсалысты. Мен өзім де өмір бойы ұлттар мен елдер арасындағы түсіністікті дамыту арқылы бейбіт өмір мен татулықты қалыптастыру идеясымен өмір сүрдім, жас ұрпақты бір-бірінің шығармашылығымен таныстыру, тәжірибе және біліммен бөлісуді ұйымдастырумен айналыстым. ЮНЕСКО Клубтары мемлекеттік емес ұйым бола тұра, бұл бағытта үлкен үлес қосты. Азия – Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары федерациясының Президенті лауазымында жаңа идеялар енгіздіретініне және өзін ең жақсы жағынан көрсететініне сенімдемін».

           Бұл сында ЮНЕСКО Клубтары федерациясының кеңейтілген отырыстары Қазақстан Республикасында тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай алғаш рет өтіп отыр. Іс-шара Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары федерациясымен біріге отырып, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

          Сессия барысында сонымен қатар Халықаралық «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» Фестивалі өтті. Аталмыш шаралар ЮНЕСКО-ның тарихи күні – Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті