Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

09.09.2016

«Балалар әлемді бейнелейді. Азия» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

      Алматыда қаланың 1000 мыңжылдығын тойлау аясында ЮНЕСКО «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.

          Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Жапонияның 7000-ға жуық жас суретшілерін қамтыған жоба шығармашыл жастардың дамуын, ұлт аралық түсінісушілікті, сонымен қатар, аймақ мемлекеттерінің өскелең жастарының достастығын нығайтуға бағытталған. Жоба аясында балаларға бейнелеу өнері және қолөнері саласында мастер-класстар, достастық пен мәдениет алмасу кештері, әр мемлекеттің мәдениетін таныстыру және де еліміздің «оңтүстік астанасына» ауқымды саяхат ұйымдастырылды.

        Іс шараның ұйымдастырушы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қорымен көмегімен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары федерациясы шықты.

        Аталмыш іс-шараның нәтижесі жеңімпаздарды салтанатты марапаттау және ЮНЕСКО-ның тарихи күні – Алматы қаласының 1000-жылдығына арналған «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» арнайы альбомын таныстыру рәсімі болды. Марапаттау Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында орын алды.

       Фестиваль жеңімпаздары ретінде Үндістаннан Венья Аггарвал (Venya Aggarwal), Аариа Ядав (Aarya Yadav), Ведант Саксена (Vedant Saxena), Винай Сукхия (Vinay Sukhija), Қытайдан Лиу Ксинлу (Liu Xinlu), Қазақстаннан Маулен Каниев, Айнур Темирова, Ясмин Нургалиева, Диас Елемесов, Ламара Панаева, Қырғызстаннан – Екатерина Подкорытова, Георгий Морозов, Айбек Райымбек уулу, Алена Булина, Ресейден Александра Алексеева, Евгения Грачева, Илья Серков, Александра Пермякова, Олеся Карпенко, Тәжікстаннан Нурмухаммад Ашуров, Екатерина Бордачева, Муаттарахон Вахобова, Азалия Синдарова, Бежан Шамсов, Өзбекстаннан Екатерина Таджирова, Евгения Литвиненко, Динара Хакназарова, Анастасия Истомова, Жасур Хакимов танылды.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті