Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда XII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

13.09.2016

Алматыда XII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

    Алматыда қыркүйектің 24-і мен 30-ы аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен XII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. 

         Белгілі кинорежиссер Рашид Нұғманов жетекшілік ететін ұйымдастырушылар өз алдарына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Олардың ең басты мұраты – кинофестивальді қала көшелеріне «шығару», оны үйреншікті «индустриялық» форматтан мейлінше демократиялы, халықтық форматқа көшіру болып табылады. Сонымен қатар, барлық кино туындылары тегін көрсетілмек.

         Алдағы кинофестиваль махаббат тақырыбына арналады. «Біз авторлық киноға деген махаббаттың адамдардың жүрегіне жол тапқанын қалаймыз», - деді Рашид Нұғманов.

         Фестивальдің негізгі бағдарламасы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтеді. Фестиваль кезінде қаладағы дәмхана, саябақ сынды жиырмадан астам алаң қосымша пайдаланылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрсетілімдердің бәрі тегін.

         Фестиваль шеңберіндегі іс-шаралар үш бөлімге бөлінген. Атап айтқанда, «Қалаға деген махаббат» бөлімінде кино туындылар қоғамдық орындарда көрсетіледі. Ал, «Киноға деген махаббат» бөлімінде – негізгі байқау және байқаудан тыс бағдарлама; «Кәсіпке деген махаббат» бөлімінде шеберлік кластары, баспасөз мәслихаттары мен дөңгелек үстелдер, индустрия өкілдерімен кәсіби кездесулер ұйымдастыру көзделіп отыр. EURASIA SPOTLIGHT бизнес алаңындағы іс-шаралар сериясы бойынша «Қазақстанда бүгінгі әлеуметтік маңызы бар кино» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Қазақстандық кинематографистерге арналған жаңа жобалардың тұсауы кесіледі. Бұл жоба әлеуетті демеушілер іздеуге және Еуропа киномектептерінде оқу мүмкіндіктерін қарастыруға бағытталған.

         Фестивальдік кино көрсетілімдеріне алыс және жақын шетелдерден Қазақстан мен Орталық Азияда түсірілген 100-ден астам фильм енгізілген. Толықметражды картиналар байқауына қоса қысқаметражды фильмдердің халықаралық конкурсы өтеді. «Еуразия» ХКФ шеңберінде тұңғыш рет түрлі жанрда түсірілген араб фильмдері жұртшылық назарына ұсынылады. Өткен жылғы дәстүрдің жалғасы ретінде деректі фильмдер мен балалар киносы көрсетілмек. Ең үздік деп танылған деректі фильм Ораз Әбішев атындағы жүлдемен, ал, бәйгеден озып шыққан балалар киносы Абдолла Қарсақпаев атындағы жүлдемен марапатталады.

      Негізгі наградалардан бөлек, әділқазылар алқасының НЕТПАК (NETPAC – Азия киносын дамыту желісі) және ФИПРЕССИ (FIPRESCI – Халықаралық кинематографиялық баспасөз федерациясы) жүлделері де табыс етіледі. 

       «Шәкен жұлдыздары» бағдарламасы шеңберінде отандық және орталық-азиялық киногерлердің жұмыстары бірнеше номинация бойынша сарапқа салынып, «Тұлпар» ұлттық сыйлығымен марапатталмақ. 2016 жылы «Ұлттық кинематография өнері және ғылымдары академиясы» қоғамдық бірлестігі тарапынан тағайындалған сыйлыққа Алматы қаласы әкімдігі зор қолдау білдіріп отыр. Жүлдені тағайындаудағы мақсат – отандық кинематография саласын қолдау, ұлттық кино өндірісінің мәдени ерекшелігі мен негізін сақтап қалу, Қазақстан мен Орталық Азияның ең үздік кино туындыларын ынталандыру және оны Қазақстан мен халықаралық қоғамдастық арасында таныту.

        Толық ақпаратты http://eurasiaiff.com/http://eurasiaiff.com/ сайтынан алуға болады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті