Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Адамбаевтың «Тараз» фильмі Лос-Анджелестегі байқауда жүлдеге ие болды

15.09.2016

Адамбаевтың «Тараз» фильмі Лос-Анджелестегі байқауда жүлдеге ие болды

 

         Қазақстандық продюсер, режиссер және әртіс Нұртас Адамбаевтың «Тараз» фильмі АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен Genre Celebration Film Festival байқауында екі аталымда жеңімпаз атанды.

       «Үздік драмалық фильм» және «Үздік операторлық жұмыс»! Мен үшін бұл өте маңызды жеңіс екенін мойындаймын, өйткені бұл күрделі жанрда түсірген алғашқы фильмім. Осы фильмді түсіруге атсалысқандардың барлығына және қолдау көрсеткендерге, сенім білдіргендерге алғыс айтамын! «Тараз» алғашқы байқауында бірден жүлдеге қол жеткізді! Қараша айында жүлде табыстау салтанатына ұшып барып қайтамын!», - деп жазды Нұртас Адамбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

      Еске сала кетсек, кинокартина Genre Celebration Film Festival байқауынан басқа San Francisco International New Concept Film Festival (АҚШ), Hamilton Film Festival and Canadian Film Market (Канада), Gallup Film Festival (АҚШ), Princeton Independent Film Festival (АҚШ), Festival Internacional de Cine de Autor (Мексика) фестивальдеріне қатысқан. 
       Криминальдық-әлеуметтік драмаға Адамбаевтың өзінен басқа Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Гүлназ Жоланова, Төлепберген Байсақалов, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева, Нұржан Садыбеков, Марат Абдуллаев, Әшім Ахметовтар түскен. 
       Фильмнің премьерасы еліміздегі барлық кинотеатрлардан 13 қазанда көрсетіле бастайды.

     ҚазАқпарат

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті