Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алматы тарих толқынында» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтіп жатыр

15.09.2016

«Алматы тарих толқынында» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтіп жатыр

        Алматыда 15 қыркүйек күні  «Алматы тарих толқынында» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өз жұмысын бастады. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНЕСКО аясында атап өтілетін  Алматы қаласының 1000 жылдығына арналып отыр. Бұл шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Оңтүстік Кореяның белгілі ғалымдары қатысуда. 

        Ғылыми шараның мақсаты – Алматы қаласының  тарихына қатысты деректерді саралау, ірі қаржы-экономикалық, ғылым-білім, мәдениет ошағына айналған шаһардың ел өміріндегі және аймақтағы орнын талқылау, Алматы қаласының туристер үшін тартымдылығын насихаттау. Конференция бағдарламасында: белгілі ғалымдардың баяндамалары; тақырыптық көрме жоспарланған.  

        Негізгі баяндамашылар: Байпаков Карл Молдахметұлы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, Алматы, Қазақстан, «Алматы – 1000 лет». Петров Павел Николаевич, т.ғ.д., профессор, Мәскеу, Ресей Федерациясы, «Алматы ХІІІ-ХІV вв. По нумизматическим данным». Парк Иян Сик, профессор, Хонгик университетінің материалтану және инженерия мектебі, Хонгик, Оңтүстік Корея, «Бронза и технологии железа в древнем Алматы». ЛЮ Жань – «Солюкстур» компаниясының бас директоры, «Перспективы развития туризма Китая и Казахстана», (Пекин/Қытай). Кумеков Болат Ешмуханбетович – т.ғ.д., профессор, академик «Регион Алматы по сведениям арабских и персидских письменных памятников», Алматы, Қазақстан. Әбусеитова Меруерт Хуатовна – т.ғ.д.,профессор, «Алматы в поздних и средневековых источниках», Алматы, Қазақстан. ӘБЖАНОВ Хангелді Махмұтұлы, т.ғ.д., профессор, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, Алматы, Қазақстан, «Қазақ астаналары және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы». 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті