Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Бопай» алтын белбеу үшін таласады

15.09.2016

«Бопай» алтын белбеу үшін таласады

         Жекпе-жек әлемінде «Бопай» лақаптымен танымал Замзагүл Файзолланова кезекті кездесуіне дайындық үстінде. Батыр қыздың бұл жолғы қарсыласы – ирандық Акрам Абдумалик.
      Жерлесіміз 24 қыркүйекте әлем чемпионы атағына таласады. Айқас Қытайда өтеді. Қазір Замзагүл өзге қазақстандық спортшылармен бірге Үрімші қаласындағы WNB базасында жаттығу жасап жүр. Бұл туралы телефон арқылы алған сұхбатымызда спортшы қызымыздың өзі былай дейді:

– Дайындыққа кірісіп кеткенбіз. Негізі бұл жекпе-жек осыдан үш ай бұрын өтуі тиіс болатын. Алайда WNB белгілі бір себептерге байланысты кездесуді 24 қыркүйекке ауыстырды. Уақыттың өзгергенін тиімді пайдаланып жаттығуларды үдете түстік. Ал қарсыласымды аталған ұйым мен Astana Patriots Fight Club басшылығы бірігіп таңдады. Екеуміздің де көрсеткіштеріміз шамалас. Сондықтан жеңіске жету мүмкіндігіміз де тең. Бұл күні Astana Patriots Fight Club-тан менен бөлек Мерей Бейбітов те айқасқа шығады. Ол 65 келі салмақта сынға түседі. Сегіздікте төбелеседі. Яғни сегіз спортшы бір-біріне қарсы шығып, әлем чемпионы белбеуіне таласады. Оның қарсыластары – Қытай, Иран, Тәжікстан мен Венесуэладан болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Белбеуді иелену үшін бір күнде кемінде үш рет жекпе-жек өткізеді.

         Жалпы, Қытайда ММА-дің даму қырқыны жоғары. Қызығушылықтың өскенін байқап жүрмін. Оның үстіне, UFC-ді де осы Аспан асты елі сатып алғанын білесіздер. Ал Қазақстан тарапынан бізге қолдау жоқ. Өйткені біз коммерциялық ұйым ретінде жұмыс істейміз. Бірақ Марат Әйтенов секілді қолғабыс жасап жүрген ағаларымыз бар. WNB-дің Қытайдағы президенті Мұрат ағамыз да көп көмектесті. Оларға алғыс айтамын.

       Маған демеу беріп, тілеуімді тілеп жүрген барша жанкүйеріме, қазақстандықтарға сіздердің газеттеріңіз арқылы дұғай сәлем жолдап, сенімдеріңізді ақтауға, жерге қаратпауға барымды салатынымды айтып сендіргім келеді. Алла қолдаса, әрқашан жеңіспен оралуға тырысамын. Құрбан айт құтты болсын!

              «Sport» газеті

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті