Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Астана ЭКСПО-2017» шеңберінде кәсіби бокс кеші мен WBС Конвенциясы өтеді

16.09.2016

«Астана ЭКСПО-2017» шеңберінде кәсіби бокс кеші мен WBС Конвенциясы өтеді

      «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан республикалық бок федерациясы» қоғамдық бірлестігі, World Boxing Council және «Diamond Ring Promotions» ЖШС арасында Кәсіби бокс саласында ынтымақтастық туралы бес тарапты меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты World Boxing Council 55 мерейтойлық Конвенция мен Астана қаласында 2017 жылғы қыркүйекте кәсіби бокс кешін өткізуді қоса кәсіби бокс саласында іс-шаралар өткізуге бағытталған жоғарыда аталған ұйымдардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту мен серіктестік қарым-қатынастар орнату болып табылады. Аталған іс-шаралардың барлығы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде өтеді және қоғам назары мен қызығушылығын осы көлемді оқиғаға аударуға бағытталған.

       «ЭКСПО-2017 – Қазақстан астанасында өткізілетін өте күшті әлемдік оқиға. Көрмені өткізу шеңберінде көптеген ірі іс-шаралар өткізілуі дайындалып жатыр, оның ішінде халықаралық әлемдік пішінде өтетіндері де бар. Аталған меморандум ЭКСПО-2017 дайындалып жатқан іс-шаралар кешенінде өзінің ерекше орынын алады деп санаймын» – деп атап кетті Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

       «Дүниежүзілік бокс кеңесінен ЭКСПО-2017 өткізу барысында World Boxing Council (WBС) мерейтойлық Конвенциясы өтетіндігіне өте қуаныштымын, оған әлемнің 165 елінен делегаттар қатысады, Қазақстанның астанасына келіп, оның әдемілігіне көз жүгірту орайы туады» - деп өз пікірін  WBC Президентінің арнайы кеңесшісі Оксана Семенишина білдіріп кетті.

     Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында өтеді, оның барысында қол қойылған меморандум шеңберінде World Boxing Council 55 мерейтойлық Конвенциясын және Майк Тайсон, Геннадий Головкин мен т.б. атақты боксшылардың қатысуымен кәсіби бок кешін өткізу жоспарланғанын атап кеткіміз келеді.

* * *

     «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 2013 жылы 15 қаңтарда  ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені дайындап өткізу мақсатында құрылды.

     Қосымша ақпарат алу үшін Қоғаммен байланыс департаментіне : тел.:+7(7172)938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com хабарласыңыз.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті