Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы алғаш рет Азия Кубогының финалында өнер көрсетеді

20.09.2016

Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы алғаш рет Азия Кубогының финалында өнер көрсетеді

      Қазақстанның әйелдер құрамасы волейболдан бүгін Вьетнамда өтіп жатқан Азия кубогының ақтық сынында қытайлық құрдастарымен кездеседі.  Олар жартылай финалда жапондықтарды 3:1 есебімен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия кубогының финалына шығып отыр. Олар бұған дейін топтық кезеңде бұл қарсыластарын 3:2 есебімен ұтқан болатын. Егер Кубоктың қазіргі иесі саналатын қытайлықтарды тағы да жеңсе, Вячеслав Шапран жаттықтыратын Қазақстан құрамасының жетістігі  бұл жарыстың басты жаңалығы болмақ.

     Жалпы Азия кубогы жарысында Қазақстан құрамасы 2012, 2014 жылдары қола жүлдегер атанғанын болатын. Биыл енді ақтық сынға дейін жетіп, тартымды ойын өрнегімен жанкүйерлерді бір желпінтіп отыр.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті