Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Асық ойнаған – озады

20.09.2016

Асық ойнаған – озады

      Асық ойнаған азбайды, қатарынан озып, ел-жер таниды. Оны Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Басши ауылдық окуругінің балалары жақсы біледі. Сондықтан да олар «Гүлстан»  республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Асығың алшысынан түссін» жарысын әрдайым асыға күтеді. Мәселен өткен жылы бұл бәсекеде жеңімпаз атанған Аралтөбе ауылының 15 оқушысы жазғы демалыс кезінде Алматыға тегін саяхат жасауға мүмкіндік алған еді. Биыл Басши ауылының Райымбек атындағы орта мектебінің ойыншылары ауыспалы «Асығың алшысынан түссін!» кубогын жеңіп алды. Енді ол келесі сайысқа дейін олардың мектебінде сақталатын болады.      

       Жеңімпазды мараттау кезінде  ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Оразақын Асқар жастардың келешекті асық ойынын олимпиадалық спорт түріне айналдыруларына тілекші екенін жеткізді. Ал белгілі тележурналист Гүлмәрия Барманбекова: «Балалар сендер менің де спортшы болғанымды білесіңдер ме? Мен – Гүлмария деген апайларың болам. Мақтану үшін емес, сендер мақтан тұтып жүру үшін айтқым кеп отыр. Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш мерген болып, Қазақстан және Орталық Азия чемпионы болғам кезінде. Менің жолымды енді сендерге берсін», – дегенді айтты.        

     «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаева айтуынша, мұндай жарыстар барлық ауылда өтуі керек. Оған өз ауылының болашағына бей-жай қарамайтын көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар ұйтқы болуы тиіс. Өйткені қазір теледидар, компьютер, планшет, смартфон, айфон, телефон сияқты  түрлі коммуникация құралдарының өмірге дендеп енуінен зардап шегушілер арасында балалардың саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Бұрын көзілдірік тағатын оқушылар ауылдық жерде ілуде біреу болса, қазір мектептің әрбір сыныбында кездесуде. Компьютер ойындары баланың көз жанарын ғана әлсіретпей, оның психологиясын бұзып, ашушаң, қатігез, мейірімсіз ете бастағанын әлем ғалымдары бүгінде ашық айтып жүр. Оның алдын алу үшін салауатты өмір салтын насихаттап, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда ата-ана мен мектеп ұжымы өз іс-әрекетін бірлесіп жүзеге асыруы қажет. Ал «Асығың алшысынан түссін!»   – деп аталатын дәстүрлі бұл жарысты ұйымдастыру тізгіні енді Басши ауылдық округі «Жасыл аймақ» жекеменшік тақырыптық бақтар бойынша атқарушы директор Ерлан Құлжабайға тапсырылады.

      Ерлік Ержанұлы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті