Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Ой-сана» республикалық байқауы өтеді

21.09.2016

«Ой-сана» республикалық байқауы өтеді

        Астанадағы «Іскер» бизнес орталығы 23 қыркүйек күні орыс тілі білгірлерінің VIII республикалық «Ой-сана» байқауы өтеді. Бұл шара ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының «Қазақстан  Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында  ұйымдастырылып отыр.

      Байқаудың мақсаты – қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін оқуға деген құлшынысын арттыру, риторикалық дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру, орыс тілін еркін меңгерген дарынды жастарды насихаттау және оларға қолдау көрсету.

      Байқауға облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған, 18-22 жас аралығындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы білім беру мекемелерінде, орта және орта арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде білім алатын жастар қатысады.

         Байқау шарты:

-  Бірінші номинация бойынша жаңылтпаштарды мүдірместен оқу әрі анық айту;             

- Екінші номинация бойынша берілген тақырыпқа орыс тілінде эссе жазу (жазбаша), диалог құрастыру (ауызша);  

- Үшінші «Шабыт жұлдызы» номинациясы бойынша: орыстың халық әнін (заманауи әні) орындау немесе  театрландырылған интерпретациядағы  көркем шығармадан үзінді қою (пьеса, ертегі және т.б.).

          Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып,  диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

      Байқау мәресі жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

       Байланыс телефондары: 8/7172/ 40-83-97, 87023768400

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті