Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қанат Ислам кәсіпқой бокстың ең үздік майталмандарымен жекпе-жек өткізуге бір табан жақындады

23.09.2016

Қанат Ислам кәсіпқой бокстың ең үздік майталмандарымен жекпе-жек өткізуге бір табан жақындады

Ерлік Кебекбай суреті.

    «Алматы арена» спорт кешенінде 29 қазанда кәсіпқой бокс кеші болады. Оның басты кездесуі Қанат Ислам мен Патрик Аллоти арасында өтеді. Vringe.com сайтындағы мәліметке қарағанда бұл жекпе-жекте бос тұрған Халықаралық бокс ұйымының (ІВО) Халықаралық орта салмақтағы, Бүкіәлемдік бокс қауымдастығының (WBA) Латын елдері федерациясы және Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) Құрлықаралық чемпиондық белдеулері сарапқа салынады.    

       Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бокс кешін ұйымдастырып  отырған «ZHERSU» корпорациясы» ЖШС-нің Бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов, «Қанат қазір  бірінші орта салмақта (154 фунт/69,853 кгдейін) WBА  рейтингінде алғашқы бестікте тұр. Енді бұл ганалық бұл қарсыласын ұтатын болса, екінші сатыға көтеріліп,  көшбасшылармен чемпиондық атақты сарапқа салуға мүмкіндік алады» деп жариялады.

       Қанаттың өзі болса Патрик Аллотидің жекпе-жектерін көріп жатқанын және оның осал боксшылардың қатарына жатпайтын байқағанын, сондықтан күшке емес техникалық шеберлікке көбірек көңіл бөлетінін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстандағы тұңғыш кездесуін барынша сәтті өткізіп, жанкүйерге жеңіс сыйлаудан үмітті екенін жасырмады.

      Қанат бұған дейін өткізген 21 кездесуінің бәрін (19-ын нокаутпен) жеңіспен аяқтаса, қарсыласы 36 кездесуінің 34-інде (28-ін нокаутпен) ұтып, екеуінде жеңіліс тапқан болатын. Соңғы кездесуін Қанат биыл 8 мамырда АҚШ-та, ал Патрик 24 маусымда Ганада өткізіп, қарсыластарын нокаутпен  ұтты.

        Кәсіпқой бокс рингінде  П.Аллоти 2006 жылдың 9 желтоқсанынан,  ал Қ.Ислам 2012 жылдың 28 қыркүйегінен бері өнер көрсетіп жүр. Қанат кездесулерінің екеуін Эквадорда, үшеуін АҚШ-та, қалғанын Колумбия мен Доминикан елдерінде өткізді.  Ал Патрик сырт алаңда өткізген 3 жекпе-жегінің екеуінде жеңіліс тапқан. Атап айтқанда  2013 жылдың 14 маусымда Швецияда жеңіске жеткенімен, 2014 жылы 15 наурызда Замбияда және 2015 жылы 18 сәуірде АҚШ-та өз мансабындағы екі жеңілістің ащы дәмін татты.  

       Алматыдағы бұл жекпе-жек кешінде сондай-ақ, тағы бір қазақстандық  Жанқош Тұраров тағы бір ганалық Иссак Аруамен Бүкіәлемдік бокс ұйымының Еуропа чемпионы атағы үшін таласады. Руслан Мырсатаев үшінші кездесуін, Жанқош Тұраров 20 кездесуін дәл осы Гана елінің тумаларымен,  ал Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тұңғыш кездесуін колумбиялық былғары қолғап шеберімен өткізеді. 

      Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті