Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Түнгі лирика» оқырманға жол тартты

23.09.2016

«Түнгі лирика» оқырманға жол тартты

    Мұратхан Шоқанның Алматыдағы «Әдебиет» баспасынан «Түнгі лирика» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді. Оған ақынынң әр жылдары жазылған 90-нан астам шығармасы еніп отыр.

      Алғы сөзінде автор: «бұл кітабыма өлеңдерімнің шетінен үзіп алып бір парасын топтастырып отырмын. Құдай маған 10 жасымда қарны ашып нан сұраған балаға қолымдағы нанымды беріп, күн сайын бір жапырақ нан апарғаным үшін поэзияны берді. 10 жасымда дүниеде жоқшылық барын сезіндім. 10 жасымда дүниеге мейірім керек екенін түсіндім. 10 жасымда ауырған жүрегім әлемдегі теңсіздіктерге әлі ауырып келеді... Мен құдайдың аузыма салған сөзін қағазға түсірушімін. Мен көріпкелдікке, аянға, бұл ғаламда біздің ақыл-ойымыздан тысқары құдіретті күшке сенем. Ақын пенделікке жақындаса, құдайдан алыстайды. Пенделіктен алыстаса, құдайға жақындайды. Құдайға жақын жүруге құлшынып ғұмыр сүрудемін. Құдай мені өкпелеткен жоқ»,  – деп жазыпты.

        М.Шоқан 1974 жылдың 25 ақпанында ҚХР Тарбағатай аймағы Толы ауданы Ақбелдеу ауылында туған. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Бұған дейін «Жиырманың жалыны» (1994), «Маған көктем сыйлашы» (2000), «Жүрекке жүгіну» (2007), «Тазалыққа ұмтылу» (2010) деген  жыр жинақтары мен «Жаратылыснама» (2010) атты   философиялық кітабы жарық көрген болатын. Ол сондай-ақ, «Тәуелсіздік жемісі», «Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері» атты кітаптардың идеясының авторы және құрастырушысы болды.

        Мұратханның «Түнгі лирика» деп аталатын бұл жинағының ресми тұсаукесері Алматыда қазан айының орта тұсында өтеді деп жоспарланып отыр.

         Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті