Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді қосымша іріктеу жарияланды

26.09.2016

Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді қосымша іріктеу жарияланды

      Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3000 еріктілер қатарына тағы да мың жарымы қосылатын болады. Мұндай қажеттілік көрме аясында бірқатар ауқымды халықаралық деңгейдегі форумдар мен іс-шаралар өткізілетіндіктен туындап отыр.

         Айталық, Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісімге келді, сондай-ақ, дүние жүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды.        

         Тағы бір себеп – қатысушылар көлемін ұлғайту. Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. Тағы да бірнеше мемлекеттермен жұмыс атқарылып жатыр. 

         Сонымен қатар, кейбір мамандар пікірінше қатысушылар санының ұлғаятындығы келтірілуде.   

         Алғашқы тестілеуді ЖОО студенттері өтеді. Өңірлер мен Алматы қаласынан қатарға қосылғысы келетін еріктілер үшін әңгімелесу күздің аяғына таман ұйымдастырылады.

         ЭКСПО-2017 еріктісі қатарына 18 толған, алайда 80-нен аспаған кез-келген адам қосыла алады.  Талаптардың тағы бірі – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу. Мәдени іс-шараларда қатысуы құпталады.

         Жалпы, келесі жылы 4500-ден аса еріктілерді тарту жоспарланған.

 

                                                 * * *

    «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллионнан сапарлар болады деп күтіледі.

Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті