Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | 10 жыл бұрын Вашингтонда Қазақстанның Тәуелсіздік монументі ашылды

28.09.2016

10 жыл бұрын Вашингтонда Қазақстанның Тәуелсіздік монументі ашылды

       

      Елімізде Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне арналған мәдени-архитектуралық ескерткіштер Астанада, Алматыда, облыс орталықтары мен басқа да елді мекендерімізде орнатылған. Ал қастерлі тәуелсіздігімізге арналған сондай сәулет өнері туындысы шетелде де ашылғанын көпшілік біле бермес, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбуктегі парақшасында.

         «Осыдан тура он жыл бұрын, 2006 жылғы 28 қыркүйекте, Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапары аясында Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік монументінің ресми ашылу рәсіміне қатысты», делінген жазбада.

         Сонда Елбасы: «Қазақстан мен АҚШ тарихында бүгін ерекше бір көңіл толқытатын күн. Тұңғыш рет біз Қазақстанның Тәуелсіздік монументін шет елде ашып отырмыз. Егемен Қазақстанның символына айналған осы ескерткіштің АҚШ астанасында бой көтергенін мақтан тұтамыз. Халқымыздың еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылысын сипаттайтын осы тамаша ескерткіш Қазақстан мен АҚШ-ты берік достық, ортақ құндылықтарға негізделген стратегиялық әріптестік біріктіретінін білдіріп тұратын болады», - деген еді.

          Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің Вашингтонда Тәуелсіздік монументін ашқан сол сәтінен түсірілген фотосуретті оқиғаның онжылдығына орай Фейсбук пайдаланушыларының назарына ұсынды.

           http://www.inform.kz/kz/10-zhyl-buryn-vashingtonda-kazakstannyn-tauelsizdik-monumenti-ashyldy_a2953655

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті