Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты өнер фестивалі өтті

10.10.2016

«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты өнер фестивалі өтті

       Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы 7 қазан күні Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы қазақ драма театрында «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты өнер фестивалін өткізді. Онда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою рәсімімен басталған бұл шара, одан кейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында сурет көрмесі және термешілер сайысы мен ақындар мүшәйрасына ұласты.          

      Суретшілер көрмесіне суретші, ғалым, ұстаз, өнер қайраткері Байтұрсын  Өмірбеков, термешілер сайысына дәстүрлі ән өнерінің шебері, ұстаз, ғалым Еркін Шүкіманов, ақындар мүшәйрасына ақын, мемлекет қайраткері Әділбек Алпысбаев бастаған қазылар  төрелік жасады. 

   

     Оңтүстік Америка мен Еуразия құрлығындағы 20-дан астам мемлекетте тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің басын қосқан бұл шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылған болатын. Онда суретшілер көрмесінде – 22, ақындар мүшәйрасында – 16, термешілер сайысында – 12 үміткер бақ сынады.        

     Тартысты өткен өнер додасында, термешілер сайысында Бас жүлдеге Сәулежан Тақзия (ҚХР), І орынға Бауыржан  Ермекбаев (Өзбекстан), ІІ-ІІІ орындарға Алтыншуақ Төлегенқызы мен Сәния Өнерхан (ҚХР) ие болды. Базаргүл Көбен, Ардақ Асылбек, Қалелбек Арманбек (ҚХР) пен Құмарбек Сәнтайұлы (Моңғолия) ынталандыру жүлдесін алды. Ал Болат Мұратбек, Жәмила Оразбай, Мырзабек Төкен (ҚХР) мен Тілек Мұрат (Моңғолия)  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.

      Ақындар мүшәйрасында: Бас жүлдені Әділет Ахметұлы (ҚХР), І-ІІ орындарды Айжан Табаракқызы мен Қызырбек Дүргінбайұлы (Моңғолия),   ІІІ орынды Еркебұлан Қолғанатов (Өзбекстан) алды. Айдана Базарбаева (Өзбекстан), Бақберген Дариғаұлы (ҚХР) және  Аманжол Бәделұлы мен Оразай Жеңісұлы (Моңғолия) ынталандыру жүлдесін, ал өзге 8 ақын Алғыс хатқа  ие болды.          

       Суретшілер көрмесінде  Үйсін Тұрсынбек (ҚХР) Бас жүлде, Аршын Қабылбек (ҚХР) бірінші, Ержан Юсупов (Өзбекстан) екінші, Жалын Бауырхан (ҚХР) үшінші орынға, ал Ерік Құлманов (Өзбекстан), Жәнібек Нұрбек, Мұсабек Әскербек, Жанат Сейітқамза (ҚХР) ынталандыру, өзге 14-і Алғыс хатқа ие болды.           

     Жалпы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастырған бұл фестивальдің мақсаты – атажұрттан  жырақта жүрген және жат жерде туып-өсіп, қазір елге оралған шығармашылық қазақ жастарының жаңа есімдерін ашу, олардың өз тарихи Отанында және тұрып жатқан елдерінде кеңінен танылуына мүмкіндік жасау, жастардың бойына отансүйгіштік, патриоттық рухты сіңіру, ел егемендігін ардақтау, туған тілді қадір тұту тәрізді тамаша қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.        

    Өнер фестивалі кезінде тек суретші, ақын, термешілер ғана емес, отандық және шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің көрнекті қайраткерлерінің қатысуымен гала-концерт өтті. 

     Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті