Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойы Қазақ елінде мәресіне жетті

11.10.2016

Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойы Қазақ елінде мәресіне жетті

     Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық ұлытойымен тұспа-тұс келген шарада, алты қазақ үй тігіліп жалпы халыққа ас берілді.Гала-Концерт қойылды. Осы орайда Нұр-Мусахан мешітінде аруақтар рухына құран қатым түсіріліп, соңынан биылғы жылы жарық көрген Байахмет Жұмабайұлының «Рухы асқақ Ер Зуқа» және «Зуқа батыр» атты жинағы, қоғам қайраткері Сағат Заханқызының «Ұлы көш: Аңыз бен Ақиқат», Бақытбек Бәмішұлының «Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны» кітаптары және Нұрлан Бибрал мен Жұмабай Мәдібайұлы құрастырған «Зуқа батыр Сәбитұлының мерей тойынан» атты альбомның тұсаукесері өтті. Батыр баба туралы тың деректермен толықтырылған жаңадан басылған  бес кітап халыққа таратылды.


FB_IMG_1475688756508

        Кітаптың тұсауын мешітте өткізу бұрын соңды болмаған жағдай. Ақ батамен тұсау кесер рәсімін мешітте өткізу де тағылымды болса керек. Осы жиында сөз алған ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, қайраткер Уәлихан Қалижанов мырза «Қазақтың Зуқа батыры» атты баяндама жасады. ДҚҚ біріші орынбасары Талғат Мамашов, Талғат Қосжігіт, Әбдірахман  қатарлы қоғам қайраткерлері лебіздерін білдірді. Қытайдан арнайы тойға әкелінген кәде силар таратылды. Таңертең басталған той алыстан келген қонақтарға арналған кешкі қонағасымен жалғасты.

FB_IMG_1475688808703

      7-ші қазанда елордамыз  Астана  қаласындығы ЕҰУ-тінің  “Отырар кітапханасы” ғылыми орталығында «Зуқа Сәбитұлы және Қытай қазақтары: тарихы мен тағдыры» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Германиядан Абдрахман Четин, Әлихан Жаналтай, Түркиядан Әбдіуахаб Қара, Есадулах Четин, Қытайдан Шайсұлтан Қызыр, Байахмет Жұмабайұлы және ЕҰУ-тінің  ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері мен “Зуқа батыр-150 жыл” ұйымдастыру алқа мүшелері қатысты.

Astana Otirar

     Конференция жұмысы барысында айтылған түйінді ой-пікірлер негізінде Зуқатану және Қытай қазақтарының тарихи мәселелерінің көкейкестілігін басшылыққа ала отырып, оған қатысышылар қарар қабылдады. Отандық тарих ғылымының   дамуын ескере отырып Зуқа батыр туралы зерттеулерді тереңдету және оның сындарлы ғылыми нәтижесін жалпы халықтық игілікке айналдыру. Тұлға тану бағытында Зуқа батыр туралы арнаулы басылымдар шығару және орталықтар ашу, «Зуқа Сәбитұлы және Қытай қазақтары: тарихы мен тағдыры» атты халықаралық ғылыми конференция материялдары университет баспасынан арнайы жинақ түрінде баспадан шағару қатарлы 8 түрлі қарар қабылдыды. Кешкісін батыр рухына арнап ас берілді.

      «Рухы асқақ Ер Зуқа» және «Зуқа батыр», “Қазақтардың Түркияға көші”, «Зуқа батыр Сәбитұлының мерей тойынан» қатарлы  кітаптар “Отырар кітапханасы” қорына тапсырылды.

14523092_10154133024944582_2949539075122792378_n

      Жыл басынан басталған той аясында Зуқа батыр туралы 1 деректі филым жасалып республикалық Алматы теле-арнасынан көрсетілді.  Астанадағы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде көрме ұйымдастырлыды. 8 кітаптың түсауы кесілді. Оннан аса ғылыми-мақалалар жарияланды. Қазақстандағы және шетелдегі теле-радио, газет-журналдар мен ақпараттық сайыт-порталдарда жыл бойы жаңалықтар беріліп, батыр рухы халыққа насихатталды.

         Әлемнің оннан аса елінде, жирма қаласында аталып өтілді. ҚР шетелдегі елшіліктері, Халқаралық ұйымдар, ҚР әр қаладағы әкімшіліктер мен жеке азаматтар демеушілік жасап ұйымдастырды.

       “Зуқа батыр-150 жыл” ұйымдастыру алқасы тойды өткізуге атсалысқан барлық азаматтарға зор алғыс айтады. Қазақ елінің тәуелсіздігі баянды болсы! Егемендіктің 25 жылдығы құтты болсын ағайын!

Зуқа батыр туралы деректі филым

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті