Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстан 48 елмен визасыз тәртіп орнатты

11.10.2016

Қазақстан 48 елмен визасыз тәртіп орнатты

         ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ведомство атқарған жұмыстың 8 айдағы қорытындысын айта келе, отандық туризмді дамыту бағыттарына тоқталды.

      Министрдің айтуынша, қазір туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп жатыр екен.

        Экономикасы дамыған 20 ел үшін (Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Британия, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония мен Оңтүстік Корея) визасыз режім орнаған.

      Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтарынан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері мен экономикасы, саясаты тұрақты дамыған 14 ел үшін визасыз режім іске қосылады (барлығы 48 мемлекет).

       Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның ішкі туризмінде өсім байқалған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2016 жылдың бірінші жарты жылында ішкі туризмнің өсімі 6 пайызды құраған. Ішкі туризмнің дамуы бойынша, Бурабай, Алматы, Алакөл, Бұқтырма бағыттары бұрынғыдай сұранысқа ие туристік жерлер болды.

       Сондай-ақ, Қазақстанда қонақ үйлердің саны артқан. Осыдан он жыл бұрын Қазақстанда 871 қонақ үй болса, қазір олардың саны 2 441 қонақ үйге жеткен. Бұл қонақ үйлер 2015 жылы 73 млрд теңгенің қызметін көрсеткен. 

       http://www.inform.kz/kz/kazakstan-48-elmen-vizasyz-tartip-ornatty_a2957968

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті