Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінің жанынан киіз үй тігілді

12.10.2016

Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінің жанынан киіз үй тігілді

Фото: kaz.365info.kz

      Көрнекі киіз үй Парижде өтіп жатқан Алматының 1000 жылдық мерекесі аясында орнатылыпты.

        Негізгі көрме павильоны заманауи киіз үй түрінде жасалған. Киіз үй қазақ дәстүріне сай өрнектелген екен. Айта кетсек, 2014 жылы қазақ пен қырғыздың киіз үйі ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген.

       Киіз үйдің алдына 25 алма ағашы қойылған. Бұлар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық символы ретінде безендірілген. Ал алма ағаштардың басында аты аңызға айналған Алматы апорттары пісіп тұр.

      Киіз үйдің ішінде үлкен экрандар орнатылған. Бұл жерге бас сұққан адам осы экраннан заманауи Алматыны тамашалай алады. Бейнебаяндардың ұзақтығы шамамен 10 минут. Осы 10 минуттың ішінде Шарын шатқалы, Көлсай және Қайыңды көлі, Бартоғай суқоймасы, Шымбұлақ таушаңғысы курорты және Медеу мұз айдынының кереметтері қамтылады.

         kaz.365info.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті