Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Сұлтанәлі Балғабаев шығармашылығы және қазақ драматургиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

12.10.2016

«Сұлтанәлі Балғабаев шығармашылығы және қазақ драматургиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

     Алматыда 15 қазан күні  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Сұлтанәлі Балғабаев шығармашылығы және қазақ драматургиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 

      Бұл шара Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының орынбасары, жазушы-драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, профессор С.Балғабаевтың 70 жылдық мерейтойына арналып отыр. Конференцияда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Мемлекеттік мәдениет саласына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Тұрсынәлі Рыскеклдиев, Қырғызстандағы қазақ қауымдастығының төрағасы Еркін Бөлекбаев, Өзбекстандағы Тұран академияның академигі Қалдыбек Сейданов құттықтау сөз айтады.       

     Конференция кезінде Қазақстан мен Өзбекстаннан келген баяндамашылар Сұлтанәлі Балғабаевтың шығармашылығы мен қайраткерлігі, шығармаларының шетел сахналарында қойылуы туралы баяндамалар жасайды деп жоспарланып отыр.   

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті