Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Евразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтудағы үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

14.10.2016

«Евразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтудағы үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

     Омбы қаласында 19-20 қазан күндері «Евразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтудағы үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Бұл іс-шара Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің  Археология және этнография институы Омбы филиалының негізінде өткізіледі. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Талдау орталығының директоры Күлғазира Балтабаева бастап баратын қазақстандық делегацияның іс-сапары «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының демеушілігімен жүзеге асады.

          Бұл конференция Ресей Федерациясы және Қазақстан тарихындағы айтулы даталарға: Омбы қаласының 300 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Әлихан Бөкейхановтың туылғанына 150 жыл толғандығына арналып отыр.

       Конференцияда Қазақстан және Ресей ғалымдары мынадай мәселелерді қарайды:   қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы Омбы қаласының маңызы;    Ә.Н.Бөкейхановтың саяси және ғылыми-зерттеушілік қызметі;   Евразия қазақтарының тарихы мен мәдениеті;  діни сенімдер мен түсініктердің қазақ мәдениетіндегі көрінісі;   археологиялық, тарихи, этнографиялық, филологиялық және мәдени зерттеулер негізіндегі қазақ мәдениеті;  қазақтардың мұражай мұрағаттарындағы тарихи-мәдени мұралары; осы заманғы этникалық үдерістер; қазақ ұлттық-мәдени және қоғамдық ұйымдары: құрылу тарихы, қызметі және мемлекеттік, ғылыми, мәдени мекемелермен, қоғамдық-саяси бірлестіктермен өзара әрекеттестігі.        

         Ресей тарапынан Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің  Археология және этнография институының Омбы филиалы, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Дүние жүзі қазақтары Қауымдастығының мүшесі – «Мөлдір» Сібірдегі қазақ мәдени орталығы» Аймақтық қоғамдық ұйымы үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

         Қазақстан тарапынан ұйымдастырушылар қатарында – Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкелік мұражайы сияқты ұйымдар бар.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті