Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Талғат Мамашев: Сұлтанәлі Балғабаев қазақ көші-қоны туралы тақырыптың еліміздегі бірден-бір білгірі

15.10.2016

Талғат Мамашев: Сұлтанәлі Балғабаев қазақ көші-қоны туралы тақырыптың еліміздегі бірден-бір білгірі

    Сұлтекеңнің қазақ көші-қоны туралы жазғандары мен айтқан ойлары диаспора мәселелерімен айналысушылар үшін ешқашан өз маңызын жоғалтпайды. Бұл туралы 15 қазан күні   Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен «Сұлтанәлі Балғабаев шығармашылығы және қазақ драматургиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.              

     «Бүгінгі конференциямызда Сұлтекеңнің шығармашылығы сан қырынан сөз боларына сенімдіміз. Себебі, ұлттық руханиятымызға  Сұлтекең қосқан үлес мол. Толғағы піскен мәселелерді ғана қамтитын ойшыл драматургиясымен, талдау қуаты жоғары публицистикасымен, сыршыл да нәзік прозасымен танылған Сұлтанәлі Балғабаев шығармашылығын талай жиындардың әңгіме өзегі етуге болады. Бұл аталған үш саланың – драматургия, проза, публицистика жанрларының қай-қайсысында да бүгінгі мерейтой иесі өнімді еңбек етті»  – деген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Сұлтанәлі Балғабаевты қайраткерлік қырына ерекше тоқталды. Оның қазақ көші-қоны туралы тақырыптың еліміздегі бірден-бір білгірі деп санауға болатынын айтты. Сұлтекең Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы алғаш құрылған күннен бері осында жұмыс істеп келе жатқандығын және Қауымдастықты өз қолымен құрған адамдардың бірі екенін жеткізді. «Сұлтанәлі Балғабаевтың көші-қон тақырыбын барынша танып, тереңнен қазып жазатындығы Қауымдастықтағы қызметімен байланысты екендігіне дау жоқ. Автордың «Көші-қон әңгімелері әрқашан халықаралық мәселелерге барып тірелетінін есте ұстаған жөн», дейтін немесе «Көші-қонда кездесетін әртүрлі жағдайлар артық-ауыс әңгімелермен емес, майдан қыл суырғандай ақырын, дипломатиялық жолдармен шешілуі тиіс», деген ой-тұжырымдарында қаншама дәлдік, байқағыштық жатыр десеңізші. Былай қарасаңыз, айдан анық, басы ашық нәрселер, бірақ, қаншама публицистеріміз осы мәселелерден шатасып, көші-қон төңірегіндегі жаңсақ әңгімелерге орын алдырып жүр десеңізші... Көші-қон жөнінде ешқандай заңға, халықаралық келісім-шарттарға сәйкес келмейтін әңгімелер айтылып, оның соңы айналып келіп оралмандарға зиянын тигізетінін де Сұлтекең сан рет орынды атап көрсетті»,  – деді Талғат Мамашев.

            Ерлік Ержанұлы  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті