Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Омбыда Еуразия қазақтарының ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі талқылауға арналған халықаралық конференция өтті

25.10.2016

Омбыда Еуразия қазақтарының ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі талқылауға арналған халықаралық конференция өтті

     2016 жылдың 19-20 қазанында Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) «Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара жоғары ғылыми-ұйымдастырушылық деңгейде Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институты Омбы филиалының базасында өткізілді.

      Конференция жұмысы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының айтулы даталарына арналды: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Омбы қаласының 300 жылдығы және Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуы.

       Конференция қатысушыларына Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институты Омбы филиалының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Николай Томилов, Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулы Эльдар Кунаев, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Талдау орталығының директоры Күлғазира Балтабаева құттықтау сөздерін жеткізді.     

      Ресей Федерациясы Федералды жиналысының алтыншы шақыруының Мемлекеттік Думасы депутаты О.Н. Смолин «Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция атына құттықтау хатын жолдады.

       Атап айтқанда, хатта депутат былай деген: «Біздің жеріміз мұнда ұлтаралық қаскөйлік пен өшпенділік салдарынан қантөгістің болмағанын мақтан тұта алады. Қазақ халқы ата-бабаларының салты мен дәстүрін аялап сақтай отырып, әрдайым бейбіт өмір сүруге ұмтылды. Бүгінгі күні омбы жерінде 80 мыңнан астам қазақ өмір сүріп жатыр. Олар туған жері мен елінің игілігі үшін еңбек етіп жүр. Құрметті конференцияға қатысушылар, Сіздерге жемісті жұмыс тілеймін және өз тарапымнан Ресей федерациясында қоныстанған әрбір халық біздің кең байтақ еліміздің тең құқылы азаматы екендігін сезінуге барлық мүмкіндікті жасайтыныма уәде беремін, мемлекетіміз, қайсыбір ұлттан болмасын әрбір жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына жағдай жасаса екен деймін».

       Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институты Омбы филиалы және Сібірлік «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының кітапханаларына Қазақстанда жарық көрген ғылыми әдебиеттердің топтамасы сыйға берілді.      

    Пленарлық отырыстарда «Әлихан Бөкейханов және қазақ мемлекеттілігінің тұжырымдамасы» баяндамасын – тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік гуманитарлық зерттеулерді біріктіру институтының Бас директоры Саттар Мәжитов жасады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті Ғазиз Шаймерден «Сәйкестілік қалыптамасы. Мәселені алға тарту» баяндамасын жасады. Батыс Сібір қазақтарының этнографиясын зерттеу нәтижелерін омбылық қазақтанушылар зерттеулерінің 40 жылдық қызметін профессор Николай Томилов қорытындылады. Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы қазақтарының бекзаттық мәдени мұраларын сақтау және паш ету мәселесін талқылау аудитория қызығушылығы мен олар тарапынан сауалдардың туындауына себепші болды. Тыңдаушылардың сауалына жан-жақты жауапты баяндамашы, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева берді. Омбы облысы Азов ауданы қазақтарының таңбалы бейнелерді орнату дәстүрін дамыту туралы тарих ғылымдарының кандидаты, омбылық этнограф Шолпан Ахметова талдап баяндап берді. Алтай өңірі Құлынды ауданы Кирей ауылының этномәдени дамуы туралы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ұстазы, Қаракөл орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Нұрғайша Баринова жан-жақты баяндап берді.

       Жалпы, конференцияда Қазақстан және Ресей ғалымдары келесі мәселелерді қарастырды:

қазақ зиялыларының қалыптасуындағы Омбы қаласының маңызы;

Ә.Н. Бөкейхановтың саяси және ғылыми-зерттеу қызметі;

Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан қазақтарының тарихы;

қазақ мәдениетіндегі діни сенімдер мен танымдардың көрінісі;

археологиялық, тарихи, этнографиялық, филологиялық және мәденитанушылық зерттеулеріндегі қазақ мәдениеті;

мұражай жиынтықтарындағы қазақтардың тарихи-мәдени мұралары;

заманауи этникалық үдерістер;

Еуразидағы қазақтардың бекзаттық мәдени мұралары;

қазақ ұлттық-мәдени және қоғамдық ұйымдары: құрылу тарихы, қызметі және мемлекеттік, ғылыми, мәдени мекемелермен, қоғамдық және саяси бірлестіктермен өзара іс-әрекеттері.

      Конференцияға қатысушылар Ш.Ш. Уәлихановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, Киров аумағының жаңа ғимараты Мәдениет сарайында өткен салтанатты концертке қатысты. Қазақстан тарпынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева және Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұржан Жампейісов өнер көрсетті.               Ресейлік тараптан конференцияға дайындық жұмыстарының ұйымдастыруын Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институты Омбы бөлімшесі, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мүшесі - Өңірлік қоғамдық ұйым «Мөлдір» қазақ мәдениетінің Сібір орталығы» жүргізді.

       Қазақстандық тараптан ұйымдастырушылар қатарында – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университет, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи өлкетану мұражайы.

       Іс-шараның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы және Әлеуметтік серіктесі –  «Samruk-Kazyna trust».

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті