Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Кореяның ұлттық кітапханасында Қазақстан бұрышы ашылды

26.10.2016

Кореяның ұлттық кітапханасында Қазақстан бұрышы ашылды

               Корея Республикасының ұлттық кітапханасында Қазақстан бұрышы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

        200-ден астам кітапты сеулдік кітапханашыларға олардың астаналық әріптестері сыйға тартты. Бұл қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі шығармалар. Олардың ішінде белгілі қазақстандық жазушылардың және саясаткерлердің туындылары бар.

        Шара - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Ал оңтүстіккореялық кітаптар бөлмесі Астанадағы ұлттық кітапханада 2009 жылы ашылған. Қазір Кореяның ұлттық кітапханасында он миллионнан астам кітап бар, бірақ тек 6 мемлекеттің ғана жеке бұрышы бар. Олар Қазақстан, Сингапур, АҚШ, Түркия, Тунис және Иран.

        «Мұндағы мақсат - қазақстандық көрнекті жазушылардың шығармашылығын насихаттау. Сонымен қатар осы елдегі оқырмандарды еліміздің тарихымен, мәдениетімен, бай салт дәстүрімен таныстыру және ұлтаралық татулығымызды, дамыған жаңа Қазақстанды әлемге паш ету», - дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы шетел әдебиеті орталығының қызметкері Рысжан Айтбай.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті