Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мейіржан Әшіров еркін күрестен әлем чемпионы атанды

27.10.2016

Мейіржан Әшіров еркін күрестен әлем чемпионы атанды

meyirzhan          Жамбыл күрес мектебінің тәрбиешісі Мейіржан Әшіров студенттер арасында 65 келі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атанды.

       Бұл күндері түркиялық Чорум қаласында студенттер арасында еркін, грек-рим және әйелдер арасындағы күрес бойынша жарыстар өтіп жатыр.  Еркін күрес бойынша Қазақстан құрамасына кіргендер: Тимур Айтқұлов (61 кг), Мейіржан Әшіров (65 кг), Азат Сақаев (70 кг), Болат Сақаев (74 кг), Әділет Давлумбаев (86 кг) және Бақдәулет Әлментай (97 кг).

       Грек-рим күресі бойынша ел намысын Ернұр Фидахметов (59 кг), Демеу Жадыраев (71 кг) және Антон Савенко (130 кг) қорғайды.  Жарыстың бірінші күні  57, 65, 74, 97 кг салмақ дәрежесінде спортшылар еркін күрес бойынша сынға түсті. Бұл күні ел намысын қорғаған екі палуанның бірі Мейіржан Әшіров финалға шықты. Шешуші сында Мейіржан Молдавия өкілімен кездесіп,  матчты 10-7 есебімен өз пайдасына аяқтады.  Бүгін Чорумда 61, 70, 86 және 125 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түседі.

       https://egemen.kz/2016/10/26/69303

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті