Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Талантты қыздың тамаша табысы

01.11.2016

Талантты қыздың тамаша табысы

31-10-16-zakirova

       Грузияның Батуми қаласында 8, 10, 12 жастағы балалар арасында шахматтан өткен әлем бірін­ші­лігінде 8 жасар қазақстандық Айша Зәкірова әлем чемпионы атанды.

      Турнирге 66 мемлекеттен 728 жас шахматшы келген. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 11 турдан тұрды.

      Жеңімпаз атанған Айша 6 жасынан бастап шахмат ойнап келеді. Ол – Алматыдағы Халық­аралық кәсіби шахмат мектебінің үздік шәкірттерінің бірі. Соңғы жылдары Шәкей және Кәусар Бауыржан секілді жаттықтырушылардың тәлімін алған. Шәкіртінің жарқын жеңі­сімен бөліскен Кәусар өз сөзін­де жарысқа тыңғылықты дайын­далғандықтарын айтты.

       – Біз өте бақыттымыз. Ай­шаны бір жылға жуық жат­тық­тырдым. Қазір оның ресми жаттықтырушысы менің әкем. Біз шахматты басынан бастап, екі жүріспен мат қоюға дейін үйреттік. Ол өзіне сенімді шахматшы болып қалыптасып келеді. Біз оның жеңімпаз атануын қатты қаладық, іштей оған сендік.

      Қазақстан шахмат федера­циясының президенті Ғалымжан Есеновтың айтуынша, Айшаның жеңісі – шаршамай еңбектеніп, оқып, жаттығып, кез келген мақсатты жүзеге асыруға бола­тындығының айқын дәлелі. Әлем чемпионы болу тек шах­матшылардың жеке және жаттық­тырушылар мен ата-ана еңбегінің мойындалуы ғана емес, бұл өз еліңнің алдындағы зор мақ­таныш пен үлкен жауап­кершілік.

      Жарыста Айшаға моңғо­лиялық спортшы Унурзул Да­ваак­хуу тегеурінді қарсылық көрсеткен. Турнир барысында екі шахматшы да бірдей 9 ұпай жинағандықтан, жеңімпаз жеке кездесуде анықталған.

       Айша қатысқан алғашқы маңызды турнир Азия чемпионаты аясында Оңтүстік Кореяда өткен. Онда ол халықаралық жа­рыстардағы тәжірибенің жетіс­пеуінен көзге түсе алма­ды. Енді міне келесі сында бірден чемпиондық атақ­қа ие болды. Бұл 8 жасар алма­ты­лық шах­матшының аса дарын­ды­лығынан хабар берсе керек.

         Осыдан екі күн бұрын қазір Ресей атынан жарыстарға қаты­сып жүрген Бибісара Асау­бае­ваның 12 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанғаны туралы да хабар келген еді.

           Меліс СЕЙДАХМЕТОВ, АЛМАТЫ

           https://egemen.kz/2016/11/01/70412

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті