Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Танымал кәсіпкер табиғи қорықтар қорын құрмақшы

08.11.2016

Танымал кәсіпкер табиғи қорықтар қорын құрмақшы

         Асадель Капитал SPC хедж-қорының басқарушы серіктесі, кәсіпкер Марғұлан Сейсенбаев «Қоғамдық табиғи қорықтар» қорын құрады. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады, деп жазады BAQ.kz.
       «Мен ұзақ жылдар бойы табиғат қорғау ісімен айналысып келемін. Кезінде сайғақтар саны 2 млн-нан 15 мыңға дейін төмендеп кеткенде «SOS Saiga» деген қоғамдық қор құрдым. Біз Қазохотзоопром-ға сайғақты браконьерлерден қорғауға көмектестік. Оларға ондаған УАЗ көліктерін, Камаз автомобилі базасындағы мобильді үйлер, спутник телефондар және материалды көмек ұсындық. Менің ойымша, осының барлығы сайғақтарды жаппай қырылып қалудан сақтап, жалпы санын 220 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік берді. Дегенмен өткен жылдары бізге «белгісіз себептермен» 170 мыңнан астам сайғақ жойылып кетті. Енді тағы да құрып кету алдында тұр. Браконьерлікпен күресімді және табиғатты қорғау саласындағы тәжірибемді ескере отырып «Қоғамдық табиғи қорықтар» қорын құруды ұсынамын. Егер жан-жануарлар тек зообақта қалмасын десек, Қазақстанда жануарлар тыныш тауып, қауіпсіз жерде көбейе алатындай орындар құрайық. Табиғатқа жанашыр адамдардың барлығынан мені қолдауларын өтінемін. Сондай-ақ Қордың қамқоршылық кеңесінің құрамына енгізу үшін қоғамға сыйлы, беделді адамдардың кандидатурасын жазуларыңызды сұраймын!», — делінген жазбада.

       «Қоғамдық табиғи қорықтар» қоры қоғам қайраткерлерінен құралған Қамқоршылық кеңесі арқылы басқарылатын, қоғамдық коммерциялық емес ұйым болады. Өз әрекетін жеке қайырымдылық қаржылары арқылы жүзеге асырады, негізгі мақсаты жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін адамдардың қимылынан қорғау.

«Қоғамдық табиғи қорықтар» қорының негізгі принциптері:

  • Қорық аумағында ешқандай аңшылық болмайды
  • Қорық аумағында балық аулауға тыйым салынады
  • Қорық аумағында анти-экологиялық әрекетті жүзеге асыруға тыйым салынады
  • Қорық аумағында коммерциялық әрекетке тыйым салынады

      Қызмет ету тәртібі: «Қоғамдық табиғи қорықтар» қоры мемлекеттен шаруашылық және аң шаруашылығы құқығымен 49 жылға жалға жер алады. Кейінірек қор осы аумақтағы барлық аңшылық және балық аулау түріне тыйым салуды қамтамасыз етеді. Ол аумақтар адамның шаруашылық әрекетінен толығымен босатылады. Қорда мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істемейтін адамдардан егерлік қызмет құрылады. «Қоғамдық табиғи қорықтардың» барлық жұмысы қоғам алдында бақыланып, мониторинг жүргізіліп отырылады. Журналистер, блогерлер, қоғам қайраткерлері басқа да кез-келген адам қор жұмысының барлық аспектілері туралы кез келген мәліметті ала алады», — деп жазылған парақшадағы жазбада.

         Дерек көзі: 7 күн 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті