Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ыстамбұлда қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды

08.11.2016

Ыстамбұлда қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды

       Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ыстамбұл қаласындағы «Топкапы» түркі дүниесінің этно-мәдени орталығында қазақстандық қылқалам шебері Гүлмарал Тәтібаеваның сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

      Көрмеге суретшінің ең таңдаулы 20 туындысы қойылған. Картина көшпенді халықтың тұрмыс-тіршілігі мен қазіргі заманауи Қазақстанның өсіп-өркендеуінен сыр шертеді.  Көрмені тамашалаған жұртшылық қазақстандық суретшінің табиғат сұлулығы мен Астанадағы көкпен таласқан зәулім ғимараттардың кескіндемесін шебер бейнелегенін айтты.

       Қылқалам шебері Гүлмарал Тәтібаева: «Бұл көрме әлемнің ең үлкен мәдени орталығы Ыстамбұл қаласында өтіп жатыр. Осыған қуаныштымын. Осы жердің туристері көрмеге келіп, тамашалап, Астананың пейзаждарын көріп, біздің елімізге Экспо-2017 көрмесі үшін келеді деп ойлаймын», – дейді.

        Айта кетейік, бұл шара алдағы уақытта Анкарада жалғасын табады.

       https://egemen.kz/2016/11/06/71979

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті