Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жастар театры қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Супер жеңгетай Серкеш» атты жаңа комедиясын ұсынуда

08.11.2016

Жастар театры қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Супер жеңгетай Серкеш» атты жаңа комедиясын ұсынуда

    Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры репертуары жаңа қойылыммен толыққалы отыр. Онда 9-10 қараша күндері Баянғали  Әлімжановтың «Супер жеңгетай Серкеш» атты комедиясының премьерасы өтеді.

         Қоюшы-режиссері  және музыкасын құрастырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жанат Хаджиев. Қоюшы-суретшісі ҚР  Мәдениет қайраткері Серікқан Омаров. Киім үлгісінің суретшісі   Дархан Қазақбаев. Балетмейстері Ринат Билибаев.  Сахна сайысын қойған  Мақсат Рахмет. Режиссердің ассистенті Қазақстан Жастар Одағы  «Серпер» сыйлығының лауреаты Бейбіт Камаранов.   Режиссердің  көмекшісі    Әлия Әбсаттарова.

        Заманның сиқы осы ма?.. Адамилықтың құны қайсы?.. Байлықтың буы, ақшаның табы кісіні ісіндірмей қоюы мүмкін бе?.. Жылтыраққа әуестік, жағымпаздықпен сатылау, еңбексіз тегін мал таппақ әуселемізді көтеріп, көсегемізді көгертпек пе?..

    Міне, осы заманғы түйткілді сұрақтардың төркіні осындай болып келеді. Бірақ, біз бәрібір, түптің-түбінде адамилық құндылықтың сақталғанын қалаймыз. Соңғылығында, солай болады да...

         Құрметті, көрермен! Ойлы күлкіге құрылған комедиялық қойылымнан ой түйгіңіз келсе, «Супер Серкешті» көріңіз! Бұл – бүгінгінің көп кейіпкерлерінің бірі.

       Баспасөз бөлімі

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті