Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Сезімдердің гүлін салқын ұрмасын

08.11.2016

Сезімдердің гүлін салқын ұрмасын

????????????????????????????????????         Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында Мұратхан Шоқанұлының «Сезімдердің гүлін салқын ұрмасын» атты шығармашылық, әдеби-сазды жыр кеші өтті.
      Әр ақынның өз сөзі, өз бояуы, өз бол­мысы болады. Адамзат баласында айды жырламаған ақын жоқ болар. Айдың ақындардың поэзиясында алуан түрлі қырынан көрініс тауып, түрлі көңіл күйді, түрлі сезімдерді жеткізуге арқау болғаны ақиқат.  Ал айды қонақ қылған ақынды көріп пе едіңіз? Жер шарында Айды қазақтың ақыны Мұратхан Шоқан қонақ қылғанын мақтанышпен айтуға болады. Қалай дейсіз бе? Сіз ақынның жақында ғана жарық көрген  «Түнгі лирика» атты кітабын оқыңыз. Кітап «Айды қонақ қылу» деген өлеңмен басталады.
        

Айды бүгін мен үйіме шақырдым,

Ол үстінде отыр екен шатырдың.

Айдың қонақ болғанына сенер кім?

Күркесіне мына мендей пақырдың, – деп басталатын жырды толық оқып шықсаңыз, ақынның үйіне айдың шынымен қонақ болып кеткеніне көз жеткізесіз.

      Сөз өз дәрежесінде қолданылса, суретке айналып, болмыстың шындығын танытып, жан әлеміндегі тылсым рухты оятады. Мұратхан Шоқанның өзіне берілген сөз атты қастерлі аманатты адал арқалап, елінің, адамзаттың игі мақсат-мүддесі жолында, жүректерге нұр, санаға сәуле етіп шашып жүрген жайы бар. Бұлай мақтауы­мыздың жөні мен жолы бөлек. «Түнгі лириканы» оқып, көзбен көріп, көңілге түйіп сарап­тап алған соң айтып отырмыз. «Түнгі лирика» ақынның жан сұлулығын жайып салған ғажайып кітап. Олай дейті­німіз, кітапта көркем поэзия мен сырлы сурет­тің бояуы араласып, поэ­зия-сурет, сурет-поэзия болып, ақын өлеңімен талант­ты суретші Жеңіс Кәкенұлының суреттері нәзік келісіммен өрілген. Жан әлемі көркем­дікке толы ақыннан ғана көр­кемдік күтуге болады. Көркем болып шыққан түнгі лириканың тұсаукесері де көркем кешке ұласты.

        Мұратханның кешін басынан соңына дейін Секен Тұрысбек күймен көмкеріп, әр беріп отырды. Қаншама кеш көрдік, десе де Секен ағаның тапжылмай отырып, күй тартып отырғанын алғаш рет көрдім. Бұл да бір күйшінің ақынға деген ізгі құрметінен туындаса керек. 

    «Түнгі лириканың» тұсауын Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай, Ысқақ Нұрмұханбетов кесті. Кітапты шығарып, ақынға қолдау көрсеткен Қайрат Дәлел­хан, Әбіләшім Еменжан тұсаукесер шараға қатысты. Аға буын Мұратханға деген ыстық ықылас-пейілін, ақ тілегін ақтарып, ағалық көңілін білдірді. Әрмен қарай кеш Роза Әлқожаның ақын сөзіне жазған әнімен безеніп, Саян Ақмолданың қобы­зымен тереңдесе,  Бекжан Тұрыс ағамыз Мұратханмен үндесіп жыр оқып, кешті жарқырата түсті. Кеш барысында  профес­сор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дариға Тұранқұлованың шәкірттері композиция­мен өлең оқып, кештің мерейін асырды. Осындай ертегіге бергісіз кешті Қалқаман Сарин мен Салтанат Бақаева жүргізіп, елдің ықыласына бөленді.

       http://almaty-akshamy.kz/2016/11/08 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті