Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ стоматолог тісжегіні пломбасыз емдеу әдісін ойлап тапты

09.11.2016

Қазақ стоматолог тісжегіні пломбасыз емдеу әдісін ойлап тапты

                  Қазақстандық генетик бір реттік ем-шараның арқасында тісжегіні бастапқы кезеңінде тоқтатып, тіс эмалін табиғи жолмен қалпына келтіру әдісін ойлап тапты. Бұл туралы жоба авторы Бауыржан Айтуов айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz.

      «Тісжегіні емдеудің дәстүрлі әдістерін өздеріңіз көріп жүрсіздер, міндетті түрде тісті бұрғылайды немесе акрилді материалдармен желімдеп тастайды, өйткені тісжегі зақымдаған эмаль мен дентин (тіс құралған сүйек зат) қалпына келмейді, – дейді «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк Университетін тәмамдаған Бауыржан Айтуов. – Әрі кетсе тісжегіні тоқтатады, бірақ емдей алмайды. Алайда осы технологияның арқасында стоматологтар науқастарға эмалді табиғи жолмен қалпына келтіру процедурасын ұсына алады, басқаша айтқанда, жаңа эмалді «имплантациялауға» мүмкіндік береді».

       Informburo.kz порталының мәліметінше, өнім Ұлыбританияда әзірленіп, клиникалық сынақтан өткізілді. Қазақстандық клиникалар бірегей жобаны сынап көрді, қазірдің өзінде стоматологтар мен пациенттер оң бағасын беріп жатыр. Инновация Швейцарияда патенттелді.

         https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/kazak_stomatolog_tiszhegini_plombasiz_emdeu_adisin_oilap_tapti_20161109_095600

         

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті