Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Венгрияда Қазақстан әдебиеттер орталығы ашылды

10.11.2016

Венгрияда Қазақстан әдебиеттер орталығы ашылды

era_2541

     Будапештте орналасқан Сечени  атындағы Венгрияның Ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеттер орталығы ашылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

       Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов, Сечени  атындағы Венгрияның Ұлттық кітапханасының директоры Ласло Туске, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қызметтерінің басшылары Күляш Оразова, Майра Ермекбаева, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.

       Қазақстандық әдебиеттер орталығының ашылуы — бұл Венгриялық оқырмандарға Қазақстанның сан алуан саладағы жетістіктерін көркем әдебиеттер арқылы жеткізудің тамаша тәсілі. Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, көрнекті жазушылар Ілияс Есенберлиннің, Әбіш Кекілбаевтың және белгілі түркітанушы-ғалым Александр Гаркавецтің шығармалары қойылған. Барлығы — қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 30-дан аса кітап.

         Қазақстандық әдебиеттер мен мәдениет орталығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасындағы Венгрия Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының әкімшілігі ашып отыр. Орталықтың ашылуы барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Сечени атындағы Венгрия Ұлттық кітапханасы арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

      https://egemen.kz/2016/11/09/72968

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті