Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мемлекет ақпарат кеңістігін бақылау және қадағалауды қатайтады

11.11.2016

Мемлекет ақпарат кеңістігін бақылау және қадағалауды қатайтады

     БАҚ туралы заңға енгізілетін жаңа өзгерістер мен толықтырулар Қазақстанның ақпарат кеңістігін қорғау мен оны бұдан ары дамытуға бағытталған. Оны бүгін Алматыда өтіп жатқан ІХ Медиа құрылтайдың «Ақпараттық саясаттың өзгеру жағдайындағы медиа-нарық» деген тақырыппен ұйымдастырылған  Қазақстан БАҚ-тарын дамыту мәселелері жөніндегі конференциясына қатысқан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі  Дәурен Абаев панельдік сессиядағы пікірсайыс кезінде айтты.

      Бағдарламада «Жаңа ақпараттық саясат. БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістер» деген панелдьдік сессия модераторларының бірі ретінде тіркелген министр жоспарланған уақыттан кешігіп келді. Дегенмен қатысушылардың көпшілігі асыға күткен Д.Абаев сенімді ақтап, сессия барысында да, пікірталас кезінде де көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдардың бәріне сенімді түрде жауап берді. Айтылған сындарға қатысты өз ұстанымын ашық білдіріп, министрліктің құзыретіндегі мәселелерга қатысты ұсыныс-тілектердің бәрін қабылдауға, оны сараптап, қажетті шараларды жасауға барынша сендірді. Ақпарат кеңістігінің қауіпсіздігіне қатысты сын-ескертпелер бойынша да оны ретке келтіру бағытындағы министрлік тарапынан жасалып жатқан іс-әрекеттерден де хабардар етті. Атап айтқанда: мемлекеттік қаржыландыру, БАҚ-тың ашықтығы мен оны қаржыландыру жолдарына қатысты бірқатар түйінді мәселелер бойынша заңнамадағы өзгерістер жайы сөз болды. 

     Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті