Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай салтанатты кеш өтті

11.11.2016

Алматыда Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай салтанатты кеш өтті




         Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толды. Ойға көсем, сөзге шешен Жетісудың дүлдүл ақынының мерейлі жасы еліміздің әр өңірінде кеңінен аталып өтуде. Ақынның мерейтойы Алматы қаласында да өз деңгейінде тойланды. Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында өткен шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысып, ақынның мерейтойына арналған салтанатты мерекемен құттықтады.

      «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да – кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі» деген еді. Есімі әрбір қазақ баласына қастерлі Жамбыл Жабаев бір өңірдің немесе бір дәуірдің ғана ақыны емес. Ол барша адамзат құндылықтары туралы ой толғаған, иісі қазақтың барлығына ортақ кемеңгер ойшыл, ұлы гуманист», - деді Б.Байбек.

      Айта кету керек, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойы Елбасының тікелей тапсырмасымен Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Астраханьда, Анкарада кең көлемде аталып өтті. Ал, Сербия астанасы Белградтағы ақынның ескерткішін Елбасының өзі ашқан. Осылайша, өлеңдері әлемнің 40 астам тіліне аударылып, ХХ ғасырдың Гомері атанған жыр шайырының мерейлі жасын өткізуге алыс жақын шетелде ерекше қолдау көрсетілуде.

       «Жылдың басында Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбылдың 170 жылдығын арнайы атап өткен еді. Қазақ ұлттық университеті ақынның екі томдығын, Алматы мемлекеттік университеті бір томдығын басып шығарды. Белгілі қаламгер Нағашыбек Қапалбекұлының «Жамбыл - толғау» атты еңбегі жарық көрді. Біз де өз тарапымыздан «Жамбыл Жабаев» энциклопедиясын шығаруға қолдау білдіріп отырмыз», - деді қала басшысы

        Кеште Жамбыл Жабаев туралы «Жүз жасаған жүректен...» атты фильм көрсетіліп, жас өнерпаздар ұлы шайырдың өлеңдерін жатқа оқыды. Ал, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова, Қырғызстаннан арнайы келген Асылбек Маратов пен ақынның шөбересі Бекмұрат Жамбылов сахнаға шыққанда халықтың қошеметі ерекше болды. Бұл жыраудың өшпес өнегесінің ұрпақпен бірге жасап келетінінің дәлелі болса керек.

       Еске сала кету керек, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, жыраудың 170 жасы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығымен тұспе-тұс келіп отыр.

      http://www.almaty.gov.kz/page.php?page_id=3882&lang=3&news_id=14208

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті