Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Оралман» көрерменге жол тартты

14.11.2016

«Оралман» көрерменге жол тартты

«Оралман»  көрерменге жол тартты

        Алматыда «Оралман» атты көркемфильмнің жабық көр­сетілімі өтті.

       Еліміздің Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің тапсырысымен түсі­рілген толықметражды жобаның негізгі идеясы – ашаршылық зама­нында елден кетуге мәжбүр болған қандастардың жүріп өткен жолы хақында. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ тікелей қатысуы­мен жарыққа шыққан туындының сценарийін кинодраматург Нұрлан Санжар жазды. Режиссері – Сәбит Құрманбек.

       Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жыл­дық мерейтойына орайластырыл­ған кино­туындыда ХХ ғасырдың оты­зыншы жыл­дары туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жыл­дар өткен соң, еліне қайта оралған оралман бауырларымыздың бастан өткергені мен қиындыққа толы ауыр жолы сипат алады. Сол зұлмат жыл­дары қызыл әскер жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасының өмірі арқылы барша қандас­тардың қилы тағдырын суреттейді. Бұл туындының түсірілім жұмыстарына «Қазақфильмнің» бүгінге дейінгі жобаларын абыроймен атқарып, бірқатар жетістікке жете алған режиссер, оператор, суретші мен сазгерлерден жиналған үздік шығарма­шылық топ жұмылдырылды. Картина композиторы – Айдос Сағат. Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажына­биева сынды қазақстандық танымал актерлер қатысты. 
       Фильм сценарийі 2013 жылы жа­зылған. Алайда бірқатар себептерге байланысты оның түсірілімі кейінге шегерілген. Фильм Тәжікстан мен Алматы облысында түсі­рілген. Тү­сіруші топ бұл фильмге қанша қаржы жұмсалғанын ашып айтпады. Дей тұрғанмен өнер туындысына бөлінген қаражат біршама кешіктірілген екен. Осы орайда сценарий авторы Нұрлан Санжар: «Қаржының кешіктірілгеніне байланысты фильмнің көрермен қауымға жетер жолы ұзақ әрі күрделі болды. Десек те, атамекеніне қоныс аударуды армандайтын қарапайым отбасы туралы туындымыз үлкен экранға шықты. Көрерменге қазақ үшін Отан ұғымы күнкөріс қамы ыңғайлы жер ғана емес, кең байтақ дала екендігін жеткізгім келді» дейді.
        «Нұрлан Санжардың сценарийін қолға алғанда, қиын-қыстау жыл­дардағы шеттегі қазақтардың ауыр халі көз алдыма келді, қан­дастарымыз тозақтан жұмаққа қарай келе жат­қандай әсер қалдырды. Басты кейіп­кер Ауғанстаннан Қазақстанға қоныс ау­дарған қандасымыз. Осы бір тұл­ғаның тағ­ды­рын суреттеу арқылы туған жеріне бет ал­ған бүткіл халық­тың күйін сипаттағымыз келді» деп атап өтті режиссер Сәбит Құрман­беков.
«Қазақфильм» аталған фильмді шетел­дік кинофестивальдарға қа­тыстыруды, сондай-ақ қазақ диаспо­расы тұратын ел­дерде оның премье­расын өткізуді де жос­парлап отыр. 
       http://aikyn.kz/ru/news/show/30853-_oralman_k_rermenge_zhol_tartty

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті