Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қытай мұрағатында сақталған қазақ хандарының хаттары кітап болып басылды

15.11.2016

Қытай мұрағатында сақталған қазақ хандарының хаттары кітап болып басылды

Фото: Хабар24

        Ғасырлар бойы Қытай мұрағатында сақталған қазақ хандарының хаты кітап болып басылып, жарыққа шықты.

      Бұл жұмыстарға Бейжің ұлттар университетінің ғалымы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының көпжылдық зерттеулері мұрындық болған. Қазақ елі үшін құнды топтамада хандар мен сұлтандарға қатысты 67 құжатта көрсетілген жазбалар енгізіліп отыр. Әзірге төте жазумен жарық көрген жинақты қолдаушылар болса, кирилл жазуына аудару да жоспарда бар. Қытай мұрағатынан табылып, жинаққа енгізілген құжаттардың дені Чиң патшалығы тұсында қазақтармен қарым-қатынас орнаған 1757 жылдан бастау алады. Көпшілігі Уәли мен Ханқожа хандарға қатысты. Ал алғашқы хаттар Абылай хан мен Әбілпейіс сұлтаннаң жолданыпты.

«Оң қанат, Сол қанат, Батыс қанат құжаттары деп қарастырдық. Сол қанат – Абылай және ол билеген қазақтар жазған дүние, оң қанат деп отырғанымыз Әбілпейіс және оның ұрпақтары жазған, енді батыс қанат дегенде бұл негізінен Әбілқайырдың баласы Нұрәлі. Нұрәлі өз өмірінде осы шығысқа екі рет елші жіберген Чиң патшалығына. Бірі – 1763, енді бірі – 1783 жылы. Қазір біздің қолымызда бары – 1783 жылы жазылған екі парша хаты. Бірі Іле генералына, енді бірі патшаға арнап жазылған», дейді Бейжің Орталық ұлттар университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы.

      Тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы қазақ хандарының хаттарын Жапонияның Киото университетінде докторантурада оқып жүргенде зерттей бастапты. Соңғы он жылда мазмұнына қарай сараптап, саралап жинаумен айналысқан.

«Көп жағдайда сауда-саттыққа байланысты, одан кейін шекарада әсіресе мынау Тарбағатай өңірі, Алтай өңірінде шекарадағы жанжалға байланысты, қазақтар мен қырғыздардың арасындағы жанжалдарға байланысты бірталай хат келген», дейді Бейжің Орталық ұлттар университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы.

      Дүйсенәлі Әбділәшімұлының іздеуімен 154 құжат табылған. Соның 67-сі кітап бетіне басылды. Әлі де терең зерттеп-зерделеп жүрген ғалым Қытай мұрағаты қазақ еліне қатысты құнды деректерге бай екенін айтады. Жаңа кітап төте жазумен көне қаріпте жазылып отыр. Қазақстандық әріптестерден қолдау болса, кирилше басып шығару да жоспарда бар. Қазақ хандары хаттарының жинағы 2000 данамен шықты. Ғалым өзі аударған соңғы деректер Қазақ хандығының тарихын жаңғыртуға сеп боларына сенімді.

       Хабар24

 https://baq.kz/kk/news/asil_kazina/kitai_muragatinda_saktalgan_kazak_handarinin_hattari_kitap_bolip_basildi_20161114_170000

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті