Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды

15.11.2016

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды

     Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған "Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: ұлттық валюта" тақырыбындағы конферения аясында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа 10 000 теңгелік банкнотты таныстырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

       Жаңа банкнотада сақтар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тариx жинақталған. Ондағы галограмма - символдық бейнелер арқылы көрсетілген Астананың панорамалық бейнесіндегі қорғаныш элементтері. Ал ынтымақтастық идеясы Қазақстанның картасы көпұлтты xалықтардың ортақ үйі ретінде бейнеленген. Қазақ Елі монументіндегі Самұрық құс кешегі мен бүгінгінің сабақтастығының белгісі болып табылады. Мерейтолық купюра Президенттің, Ұлт көшбасшысының ел дамуына сіңірген ерен еңбегінің көрінісін бейнелеуге бағытталған", - делінген банкнотты таныстыру бейнебаянында.

    Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздігіне сіңірген еңбегін ескере отырып, аталған купюраны шығару туралы шешім қабылданды. Әлемде ондай тәжірибелер баршылық. "Бұл - жаңа тақырып емес. Нельсон Манделла, Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куаню, Уинстон Черчил және тағы басқа көшбасшылар өз елдерінің қазіргі валютасында бейнеленген",- дейді Д.Ақышев. Оның айтуынша, жаңа купюра Президент күні - 1 желтоқсанға қарай шектеулі таралыммен бастырылады.


        http://www.inform.kz/kz/ulttyk-bank-nazarbaev-beynelengen-zhana-banknotty-tanystyrdy_a2969690

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті