Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Көш және Көшбасшы» мерекелік концертіне келіңіздер!

15.11.2016

«Көш және Көшбасшы» мерекелік концертіне келіңіздер!

           «Қамшы» порталы мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы Ел тәуелсіздігі мен «Қазақ көшінің» 25 жылдығына орай ұйымдастырған жоба «Көш және Көшбасшы» мерекелік концерті.

    Биыл Ел тәуелсіздігі мен «Қазақ көшіне» - 25 жыл толып отыр. 1991 жылы 18 қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешіміне сәйкес республиканың Министрлер кабинеті “Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарының басқа республикалардан және шет елдерден Қазақ КСР-ына көшіп келуі тәртібі мен шарттары туралы” қаулы қабылдады. Содан бергі ширек ғасыр уақытта Атажұртқа оралған қандастарымыздың саны 1 миллионнан асты. Бұл, әрине, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ең жемісті саясаты десек қателеспейміз. Қазақ тарихына алтын әріппен жазылуға тиіс осы мерейлі мерекені елге оралған ағайын биылғы жылы 18 қарашада Алматыдағы Студенттер сарайында айрықша атап өтпек. Бұл шараны - «Қазақ көшінің» 25 жылына тарихи баға беру және қарашаңыраққа уық болып қадалған миллионнан астам қазақтың Ел мен Елбасына алғыс айтуы деп қабылдаған жөн. Алғысты тек жалаң сөзбен ғана емес, елге келіп өсіп-өнген, жетістікке жеткен ағайынның жарқын бет-бейнесімен көрсеткісі келеді. Бұл шараны «Қамшы» ақпараттық порталы мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы бірлесіп өткізуде.

      Жүргізушілер: Азамат Сатыбалды Анна Данченко

        Деректі фильм: «Көш және Көшбасшы»

         Сөз: ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев

       Бейне-сюжет: Елге оралып жетістікке жеткен қандастарымыздың қазіргі бейнесі           Концерт: Майра Мұхаммед, Рамазан Стамғазиев, «Қоңыр» тобы, «Алашұлы», Шаба Әденқұл, т.б. Қазақстанның эстрада жұлдыздары

       Орыны: Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың қолдауымен)

      Уақыты: 18 қараша, 18:00 Билеттер сатылмайды. Белгіленген тәртіп бойынша тегін таратылады. Толығырақ: 8-727-354-76-95 Мекен-жай: Алматы қаласы, Абай даңғылы 143, Баспалар үйі 513 кеңсе. Эл.пошта: qamshy@gmail.com «Қамшы» сілтейді 

     http://qamshy.kz/home/show/11963

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті