Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-концерт өтеді

16.11.2016

Алматыда Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-концерт өтеді

    Алматы қаласындағы заманауи «Алматы Арена» мұз айдынында 16 қарашада Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен бұрын-соңды болмаған шоу бағдарлама өтеді.

  «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорация» АҚ қазақ эстрадасы жұлдыздарының өнерін бағалап, тиісті дәрежеде марапаттайтын «Жыл таңдауы»  – ұлттық телевизиялық музыкалық жүлде» жобасын ұсынады. Бұл ғаламат шара шоу-бизнес көшіне енді ілескен жаңа есімдер, сахна саңлақтары, хит-парад төрінен алыстамайтын жұлдыздардың бас қосып, көрерменге есеп беретін кеш болмақ. Тыңдармандар өздерінің сүйікті әртістерінің әдемі қойылымдарын тамашалайды. Олардың ішінде Роза Рымбаева, «МузАрт» тобы, Мәдина Сәдуақасова, Ділназ Ахмадиева, «Ринго» тобы және басқалар. Барлығы 60 әнші мен эстрадалық топ өнерін ортаға салмақ. Сонымен қатар, қой жылының қорытындысы – үздік әндер таңдалады.

       Елу адамнан тұратын қазылар алқасы ұсынылған нұсқалардан өз таңдауын жасады. Дауыс беру онлайн форматқа ыңғайластырылған және жасырын түрде жүргізілді. Таңдау тәуелсіз әрі шынайы болу үшін, төрешілер түрлі сала өкілдері. Олардың ішінде танымал мәдениет және қоғам қайраткерлері, медиа саласына еңбегі сіңген тұлғалар.   

      Кештің шетелден келетін сыйлы қонақтары, есімдері үндес жұлдыздар – Арай мен Бурай.

      Бурай – «Istersen» әнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі.

      Арай Айдарханұлы – Қытай сахнасын бағындырып жүрген қандасымыз.  Қытай Орталық музыкалық университетін композиторлар бөлімін тәмамдаған. Сондай-ақ «Қытайдың балалар даусы», «Chinese Idol» сайыстарын бағындырып, аспан асты елінің аудиториясын өз талантымен мойындатып отыр.

       Шетелдік қонақтар қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарымен дуэтте ән шырқамақ.

      Жобаға арналған пресс-конференцияға бас продюсер Жан Мұқанов, модератор Ләйлә Сұлтанқызы және Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Арай, Бурай қатысады

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті