Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жазушы Бексұлтан Нұржекеев – студенттер ортасында

18.11.2016

Жазушы Бексұлтан Нұржекеев – студенттер ортасында

     Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 16 қараша күні жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Мемлекеттің сыйлықтың иегері Бексұлтан Нұржекеевпен кездесу болып өтті. Жазушы Бексұлтан ағамызды әрі демеп, әрі қолпаштап әріптестері мен замандастары – жазушы Кәдірбек Сегізбаев пен ақын, аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев бірге келді.

     Сөз төркінін алыстан бастаған жазушы Бексұлтан Нұржекеев: «75 деген жас – ең әдемі жас. 75-ке келгенше 75 нәрсені біледі екенсің, жоқ дегенде. Соның өзі өмір, мол тәжірибе. Адам туғанда «жазушы болам» деп тумайды, әуелі адам болып өмір сүреді. Кейін бейімделіп, талантына қарай жетіліп, өзін-өзі шыңдаса бәріне қол жеткізуге болады. Енді біздің маңдайымызға жазушылық өнері бұйырған екен. Сезіммен жүріп, түрлі шығармаларды дүниеге әкелуге, қоғамға аз да болса, үлес қосуға тырысамыз. Кейде бір нәрселерді өзгерткіміз келеді, сосын шабыттана отырып жазамыз», – деп бастап, кеңінен көсілді. Оқырман қауымға өзінің ұлт-азаттық көтеріліске арналған «Әй, дүние-ай» шығармасымен және тағы басқа жаңа кітаптарымен таныстырды. Студенттер тарапынан қойылған түрлі сауалдар жазушы шығармашылығының басым бөлігі болған  махаббат тақырыбы, «қазақ арасындағы жікшілдік», «бүгінгі жастарға деген көзқарасы», «жер-су аттарын аудару мәселесі», «қазақ аруының рөлі» сынды мәні зор мазмұнды сұрақтарға тұщымды жауап алынды. Сондай-ақ, суреткер Нұржекеев жастық шағы мен алғашқы махаббаты туралы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевпен ұмытылмас кездесуі жайлы, алғашқы шығармасының жарыққа шығуындағы келеңсіз оқиғалар хақында да айтып өтті.

       Қаламгердің «Кінәлі махаббат» атты повесі, «Өзендер өрнектеген өлке» атты тарихи-этнографиялық эссесі мен «Бір өкініш, бір үміт», «Жау жағадан алғанда» сынды кітаптары көпшілік көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болған. Күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған жазушының 14 кітабы өңделіп, толықтырып қайта шықты. Осындай еңбектің жемісінің нәтижесінде «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері болған айтулы тұлға Бексұлтан Нұржекеев жуырда ғана мемлекеттің сыйлықтың иегері болды. Бұл да шығармашылық адамының ерен еңбегінің жеңісі.

      Кеш соңында білім ордасына арнайы атбасын бұрып келген ақын-жазушылар Б. Нұржекеевке, К. Сегізбаевқа, Қ. Құрманғалиевке университеттің Бірінші проректоры Б. Алиев зор алғысын айта келіп, «Құрмет» медалімен марапаттап, университет тарихы туралы энциклопедияны сыйға тартты.

        «Қыздар университеті»  медиа орталығы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті