Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Асқақ рухты Атырау» атты аламан айтыс мәреге жетті

21.11.2016

«Асқақ рухты Атырау» атты аламан айтыс мәреге жетті

«Асқақ рухты Атырау» атты аламан айтыс мәреге жетті

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Асқақ рухты Атырау» атты республикалық ақындар айтысы аяқталды. Айтасты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев көпшілікпен бірге тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Жыр додасында қарағандылық Мақсат Ақанов оза шауып,  2 миллион теңге бас жүлдеге ие болды.

        Бірінші орынды Жансая Мусина қанжығалады - 1 миллион теңге.            

    Екінші орынды еншілеген екі ақын - Мейірбек Сұлтанxан мен Бауыржан Ширмеденұлы 800000 теңгеден жүлде алды.

    Үшінші орынды үш ақын - Серікзат Дүйсенғазы, Иранғайып Күзембаев және Жәнібек Садыров тең бөлісіп, әрқайсысына 750000 теңгеден берілді.

   450 000 теңгеден тағайындалған ынталандыру сыйлығы Төлеген Жаманов, Жанар Айлашева, Қалижан Білдәшов есімді ақындарға тарту етілді.

    Қалған он ақынға 150000 теңгеден берілді.

    Айтысқа Еркебұлан Қайназаров, Серікбол Панабердиев, Айзада Дәулекенова, Әсем Ережеқызы, Дидар Қамиев, Шалқарбай Ізбасаров, Дәурен Ақсақалов, Нұрлан Есенқұлов, Ғалымбек Мұстафа, Нұрмат Мансұров сынды жыр дүлділдері қатысты. Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Ербол Тілешов, Қойшығұл Жылқышиев, Бауыржан Халиолла сынды әділ қазылар айтысқа төрелік етті. 

           http://www.inform.kz/kz/askak-ruhty-atyrau-atty-alaman-aytys-marege-zhetti_a2971464

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті