Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Дүниежүзі қазақтарының бірлігі күнін белгілеуді құптайды

22.11.2016

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Дүниежүзі қазақтарының бірлігі күнін белгілеуді құптайды

   Ресми статитикаға көз жүгіртсек бүгінде әрбір үшінші қазақтың Қазақстаннан сырт жерлерде тұрып жатқанын  байқауға болады. Яғни әлемдегі 16 миллион қазақтың 5 миллионы өз Отанынан тыс жерде өмір сүруде.

      Қазір елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мереке бар. Егер оның қатарын Дүниежүзі қазақтарының бірлігі күні толықтырып жатса одан ұтпасақ, ұтылмасымыз хақ. Сол себепті  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Дүкен Мәсімханұлының әлеуметтік желі арқылы жұртшылық талқысына салып отырған ұсынысын толық қолдайды. Бұл сыртқы көші-қон саясатын жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, оның қоғамдық, саяси, әлеуметтік, мәдени және демографиялық маңызы мен мәнін жан-жақты талқылап, талдап, саралауға жол ашуы мүмкін.

      2017 жылы елімізде Алматыдағы XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары мен Астанадағы ЕХРО көрмесінен кейінгі ең маңызды шара – Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы.

       Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының құрылуы мен Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайының 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған бұл мерейтойды біз енді Дүниежүзі қазақтарының бірлігі күнімен қарсы алсақ оған қуанбаса ешкімнің ренжімесі хақ. Себебі, бабаларымыз арман еткен Мәңгілік Ел болудың тұғырын нығайтып, мәртебесін биіктетіп, абыройын асқақтатудың көрінісі іспеттес бұл шараны қолдап-қуаттаушылар елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдап, миллиондап табылады.

      Дүниежүзі қазақтарының бірлігі күні – тәуелсіздіктің, бірліктің және ең бастысы мемлекеттік байлықтың (адам капиталы) нақты көрінісі бола алады. Өйткені ол ұлттық тұтастықты көздейтін және сол арқылы барша Қазақстан халқының абыройы мен намысын ту етіп көтерген Қазақ Елінің мәңгілік мүддесінен туындап отыр. Бұл ұсынысқа Сіз не дейсіз ағайын?!

   Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары  Талғат Мамашев

Пікір қосу

Пікірлер

23.11.2016 - Қойшықара Байжұмаұлы
Қатардағы қазақ ретінде бір ауыздан бірден құптаймыз!

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті