Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алмат Исаділдің шығармашылық кеші болады

23.11.2016

Алмат Исаділдің шығармашылық кеші болады

     Алматыда 28 қараша күні М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ақын, аудармашы Алмат Исаділдің «Елім барда ...»  атты тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтеді.

         Онда  қаламгердің «Аспантау», «Бір тамшы» жыр жинақтарының тұсаукесері болады.  Кеш қонақтарының арасында Нұрлан Өнербаев, Ұлжан Айнақұлова, Қадырғали Көбентай, Роза Әлқожа, айбек Мұқаметалиев, Қанат Әмірханов, Әсем Айнақұлова, (Серілер», «Жетісу» топтары мен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артистері бар.

         Алмат Исәділ 1976 жылы 20 желтоқсанда Алматы қалаыснда туған. 1994 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы  Кеген ауылындағы орыс мектебін, 2000 жылы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінің сырттай оқу бөлімін тамамдаған. Еңбек жолын өзі оқыған мектепте ұстаздық етуден (1994-1996) бастап, кейін Алматыдағы республикалық оқушылар сарайында жұмыс істеген, 1998-2001 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде журналист, жауапты хатшы, «Елорда» баспасында редактор болып жұмыс істеген.

      Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып жүр. Орыс тілінде де шығармалар жазып, аударма ісімен шұғылданып келеді. «Жас қазақ ақындарының антологиясына» топтамасы енген. Алматы қаласында өткен студент жастардың бірқатар мүіпәй-раларының жүлдегері. Астана қаласында 2001-2002 жылдары өткен IV және V Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдеби шығарма» аталымы  бойынша дипломанты. «Отырар кітапханасы» сериясымен «Жолдар, жолдар» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. 2002 жылдан бері республикалық «Қазақ әдебиеті» газе-тінде бөлім меңгерушісі, «Әдебиет айдыны» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерінде болды. Қазір Қазақ ұлттық аграрлық университетінің баспасөз қызметін басқарады. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті