Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алтын қалам 2016» тәуелсіз әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

24.11.2016

«Алтын қалам 2016» тәуелсіз әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

        Алматы қаласында 23 қараша күні Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайында  жеңімпаздардың есімі жарияланды. Жүлденің қысқа тізіміне Қазақстанның әр өңірінен қатысып отырған авторлардың орыс және қазақ тілдерінде жазылған 30 шығармасы 6 аталым бойынша енгізілді.  

       Жұмыстар 2016 жылы шілденің 1-нен бастап қазан айының 15-не дейін қабылданып, оқырмандар қазан айының 31 дейін дауыс берді.  Барлық шығарма akalam.kz сайтына орналастырылды. Биыл әдеби жүлдеге  446 автор әр түрлі жанрда жазылған 863 шығармасын ұсынды. Ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының құрамына Қуат Домбай, Досым Сатпаев, Кенже Жұманұлы, Айдос Сарым, Арман Шораев, Расул Жұмалы, Әйгерім Райымқұлова, Татьяна Филипчик және басқалар енді.

Қазылар шешімімен анықталған жеңімпаздар:

 «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ»  -  АЙМАНБЕТОВ ДАУРЕН   -  (шығармасы - Алло.. ).    ШЫМКЕНТ

 «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ» -   ӘБУЗАРОВА ЖАНЕЛ (шығармасы - Тезекбай)  АЛМАТЫ

 «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНО СЦЕНАРИІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ» - ҚАМИ НҰРЛАН   (шығармасы  - Қаламгер)   АЛМАТЫ

 «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘДЕБИЕТІ» - СҮТТІБАЙ ОРЫНБАСАР (шығармасы  -Қанатты барыс, көк бөрі және Бабыр батыр)   ЮҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

  «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ» - БАЙБОСЫН   САЙЛАУ  (шығармасы  - Асқазаныңыз ауырмай ма?)     ЭЕКІБАСТҰЗ

 «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКА НЕМЕСЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ»  -   НҰРМАХАНБЕТ ДІЛДӘГҮЛ   (шығармасы  - Құпия жәшік тұтқыны)  АЛМАТЫ

 Орыс тілінде жазылған шығармалар бойынша:

 

«ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА» - НАТАЛЬЯ СЛУДСКАЯ  (шығармасы -Оранжевое на сером)   АЛМАТЫ 

  «ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА» - ЖАНАЙДАРОВ ОРЫНБАЙ  (шығармасы -Последний хан Золотой Орды )   КӨКШЕТАУ

  «ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА» - Бауржанова Гульнур (шығармасы  -Невозможное. Автору 14 лет)  ПАВЛОДАР

 «ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА» - ДЕНИСОВА НАТАЛЬЯ  (шығармасы  -Тараканы в голове )   ҚЫЗЫЛОРДА

 «ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВЫ ГОДА» - ЛАЗАРЕВА ЛЮДМИЛА  (шығармасы  -Координатор)   АЛМАТЫ

 «ЛУЧШИЙ КИНО СЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА» Рахимбаева Мадина (шығармасы   -Снегопад)

Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен  «Бабалар сөзі» жүз томдығын шығарған М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ    «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі үлесі үшін» аталымы бойынша дипломымен марапатталды

    Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақтың үздік романына алғаш рет арнайы бәйге жарияланды. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК РОМАНЫ» аталымы бойынша «Мен жындымын» шығармасымен жеңімпаз атанған  СӘУКЕТАЕВ ТҰРЫСБЕК меценат Кеңес Рақышев тағайындаған 1 000 000 теңгеге ие болды. Сонымен қатар,  QAZKOM банкінің қаржылай қолдауымен байқаудың таңдаулы шығармалары 2017 жылы жарық көретін «Алтын қалам 2016» әдеби жүлдесінің жинағына енеді.

     Сондай-ақ биыл байқауға қазақстандық авторлардан бөлек  АҚШ,  Малайзия, Германия, Чехия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және  Израиль азаматтары да қатысты.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті