Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда Еуразиялық франчайзинг форумы өтіп жатыр

24.11.2016

Алматыда Еуразиялық франчайзинг форумы өтіп жатыр

       

     Қазақстанның франчайзинг нарығының дамуы  биыл 10-12 пайызды құрап отыр. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық франчайзинг форумында айтылды.

        «Қазақстанның франчайзинг нарығындағы биылғы ең маңызды жаңалық деп бірінші Қазақстандық реестрді атар едім. Жасалғанына 3-4 ай ғана болса да қазіргі таңда онда Қазақстан ғана емес, АҚШ, Украина, Ресей елдерінің 20 компаниясы бар. Осы арада бұл реестр не береді деген сауал туары хақ.  Ол ең алдымен франчайзинг компанияларына деген сенімділікті нығайтады. Өйткені мұнда өзіне-өзі сенімді компаниялар ғана кіре алады. Сол үшін де оларға жауапкершілік жүктейтін сертификат беріледі», – дейді Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиков. Оның айтуынша, бүгінгі  таңда нарықта жұмыс істеп жатқан 450 компанияның 80 пайызы шетелдік. Нарықтың дамуы биыл өткен жылмен  салыстырған біршама баяулап, шамамен 10-12 пайызды құрап отыр. Дегенмен алдағы жылы бұл көрсеткіш біршама өсуі мүмкін. Өйткені биыл «Даму» қорында франчайзингті несиелеу бағдарламасы іске қосылды.  

     Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті