Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсіні орнатылды

25.11.2016

Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсіні орнатылды

Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының  ескерткіш мүсіні  орнатылды

            Санкт-Петерборда қазақтың көрнекті қоғам және саяси қайраткері, Ресейдің Тұңғыш Мемлекеттік Думасының депутаты (1906 ж.) Әлихан Бөкейхановтың бюстін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына тарту ету салтанаты болды.
      Бюст Ресейдің алғашқы Думасының отырысы өткен Таврия сарайындағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының штаб-пәтеріне қойылды. Мүсінді жасаған Өмірзақ Шаңов, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметінен.
     Салтанатты аша келіп, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25   жылдығы мен ХХ ғасырдың басындағы көрнекті қазақ зиялысының туғанына 150 жыл толғаны аталып өтетін жылы  бюстінің Санкт-Петербордағы Таврия сарайына орнатылуы ерекше мағынасы бар екенін атап өтті. Төраға осы мерейтойға байланысты естелік шаралар ЮНЕСКО аясында өтіп отырғанын еске салды.
    «Әлихан Бөкейхановтың қызметі биік адамгершіліктің, ұлттық және азаматтық парызына кіршіксіз адалдық пен шынайы берілудің үлгісі болып табылады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.
      Салтанат барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы, Ресей Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко, Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володин, Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов сөз сөйледі.
      «Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей екі елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің салиқалы саясатының арқасында Еуразия кеңістігіндегі интеграцияның қозғаушы күшіне айналып отыр. Осы орайда, бюсттің таныстырылу салтанаты Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өтуінің символикалық мәні бар. Өткен жылдар ішіндегі біздердің мемлекеттеріміздің қарым-қатынасы ілгерілемелі дамуды айшықтап, ТМД кеңістігінде стратегиялық және одақтастық серіктестіктің жарқын үлгісі бола білді», - деді Нығматулин. 
     Салтанатты шараны аяқтай келіп Қ. Тоқаев, Ә.Бөкейхановтың бюсті Ресей, Қазақстан және Достастық елдерінің арасындағы тарихи байланыстар уақыты мен достық қарым-қатынастардың белгісіне айналатынына нық сенім білдірді.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті