Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Қазақстан – ядролық қарусыз әлем үшін» көрмесі өтеді

25.11.2016

«Қазақстан – ядролық қарусыз әлем үшін» көрмесі өтеді

       Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 30 қараша күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстан – ядролық қарусыз әлем үшін» көрмесінің ашылуы өтеді. Ол Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына арналып отыр.

      Көрме «Ядролық сынақтың ауқымы және оның зардаптары», «Ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей» қозғалысы», «ҚР Президенті Н.Назарбаев – ядролық қарусыз әлем үшін» деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Оған Орталық музей қорындағы материалдармен бірге ҚР Президенті мұрағаты мен «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы комитеті ұсынған материалдар өойылып, «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының Семей ядролық полигонына арналған кітап көрмесі ұсынылады.

      31 желтоқсанға дейін жалғасатын бұл көрменің бірінші бөлімі советтік атом бомбасын жасау, алғашқы ядролық сынақ және оның зардаптарын көрсетуге арналған. Екінші бөліміне республика аумағындағы атом полигонын жабу, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, совет-американ бейбітшілік жорығы туралы материалдар топтастырылған. Үшінші бөлім атом полигонын жабудағы Ұлт Көшбасшысының рөлі мен сіңірген еңбегін  көрсетуге арналған. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті