Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркия қазақтары Елбасына құттықтау хат жолдады

28.11.2016

Түркия қазақтары Елбасына құттықтау хат жолдады

      Түркияның Ыстамбұл қаласында 27 қараша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Оған мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған қазақстандық делегацияны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастап барды. Қазақстан өнер шеберлерінің концертіне ұласқан бұл жиында Түркия қазақтары Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай құттықтау хат жолдады.

Түркия қазақтарының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хатының мәтіні

       Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

    Сізді және барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Ширек ғасыр бұрын Қазақ Елі өз тәуелсіздігін жариялағанда оны ең бірінші боп құттықтаған Түркия мемлекетіндегі қандастарыңыздың жүрек жарды ыстық сәлемін қабыл алыңыз.

        Қазақстан 25 жылдың ішінде жеткен жетістігі аз емес.  Бүгінде әлем жұртшылығы үшін Қазақстан Республикасы атауы мен оның Тұңғыш Президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаев есімі бір ұғымға айналған. Өйткені қысқа уақытта Қазақстан әлемдік қауымдастықтың арасынан өз орнын тауып, мәртебесін биіктетіп, зор абырой мен беделге ие болды. Оның әлем картасынан өз орнын айшықтап, оны көршілес мемлекеттер ғана емес Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты аса беделді халықаралық  ұйымға да мойындатып, елдегі татулық пен бірліктің сақталуына кепілдік бере алған Сіздің еңбегіңізді әлемнің мәртебелі мемлекет басшылары мен түрлі халықаралық қауымдастық жетекшілерінен бастап, қоғамның түрлі саласындағы шығармашылық ұйымдар мен қарапайым жұртшылық өкілдеріне дейін  қаншалықты жоғары бағалайтынын біз де естіп, көріп, оқып жүрміз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш, зор абырой.

         Қазақстанның қол жеткізген әрбір табысы мен жетістігіне әрдайым тілекші болып, қуанып, марқайып, біздің Қазақстанымызда деп мақтанып отырамыз. Астанадағы ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларация» соның бірі деуге болады. Еліміздің ширек ғасыр ішінде қол жеткізген жетістіктерін айшықтайтын бұл маңызды құжатта Қазақстанның қол жеткізген толағай табыстары Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында мүмкін болғаны айрықша атап өтіледі. Сондықтан да «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларацияны» қолдап-қуаттай отырып, шын жүректен, құттықтаймыз.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті